ALASHAINASY.KZ «Путин Қазақстанның мемлекет болу құқығын жоққа шығарайын деген жоқ» - Кеше Ресей елшісі жергілікті ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Путиннің қазақ мемлекеттілігі жайлы сөзіне түсініктеме берді.
«Людмила Путина: Володияның психикасы бұзылған» - Ресей президентi Владимир Путиннiң бұрынғы әйелi Людмила Путина британдық The Guardian басылымына сұхбат берiп, былай дедi: «Соңғы жылдары бiздiң отбасымыздағы жағдай тым ұшынып кеттi. Ол (Владимир Путин – ред.) отбасымызды тек менi қорқытып-үркiту арқылы ұстап тұруға тырысты.
«Ресейде "Антимайдан" науқаны басталды» - Ресейлік БАҚ-тың жазуынша, ел аймақтарында еріктілер «Антимайдан» топтарын құрып жатыр. Ақпараттарға қарағанда, олар билікке көмектесіп, оппозицияның халықты арандатуына қарсы тұрмақ.
«Имамдарға да «жемқорлық дерті» жұққан ба?» - Іле, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарында имам-молдалардың парақорлығын «әшкерелейтін» үндеу парақшалары таратыла бастады, - деп хабарлайды «Алаш айнасы» басылымы.
«Қайтып келген капитал қайда жұмсалады?» - Бұл жолы, осы күнге дейін айтылып келгендей, шетелдік банктердің есепшоттарында «тығылып жатқан» қаржы ғана емес, құны миллиондармен есептелген жылжымайтын мүліктерге де кешірім жасалмақ.
«Еуразиялық экономикалық одақтың бренді не болмақ?» - Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одағы іске кірісетіні белгілі.
«Мұнай экспортына баж салығын көтеру арқылы жанармай тапшылығын шеше аламыз ба?» - Білесіздер, бізде жыл сайын жанар-жағармай тапшылығы орын алады. Биыл бұл мәселе тіптен ушығып кетті.
JASQAZAQ.KZ. «Шырайлы шымкенттін, жігіттері-ай» - Менің бір әйбәт жолдасым бар. Өзі Атыраудың тумасы. Сол жақтағы ірі мұнай сервис компаниясында вахталық тәсілмен келіп-кетіп жұмыс істейді. Табысы жақсы, денсаулығы мығым. Былай қарасаң, бұдан артық не керек? Бірақ...
ZHEBE.COM «”Интернационал джиһадшылардың” 150-і қазақстандық» - Германияның Die Zeit басылымы Сирия мен Иракта халифалық құрғандықтарын жария қылған ИСИМ ұйымы қарулы топтарының құрамында 150 қазақстандық азамат бар екендігін жазды.