Атырау, 10 желтоқсан 23:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Баласын ұрғаны үшін айыпталды

4 258 просмотра

Құрманғазы ауданы прокуратурасы қызметкерлері хабарлағандай баласын «өзінше» тәрбиелемек болған әкенің үстінен қылмыстық іс көтеріліп отыр.

Ішіп алған мас әке тоғыз жасар баласын әбден ұрып соққан. Көкала қойдай еткенімен тұрмай баланың дәрменсіздін пайдаланып, жылу бергіш батареяға қолын күйдірген. Сөйтіп бала әкесінің айуандығынан ауыр жарақат алады. Жас баланың бұлайша жәбір көруі құқық қорғау органдарын бей‑жай қалдырмады. Осы оқиға бойынша аудандық ІІБ құрманғазылық әкенің үстінен ҚР ҚК‑нің 137 бабы бойынша қылмыстық іс көтерілді. Нәтижесінде аудандық соттың үкімімен оңбаған әкені айыпты деп тауып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни жетпіс мың теңге айыппұл салыныпты.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

22 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.