ALASHAINASY.KZ «Қазақстанда кедейлік пен байлықтың өлшемі қанша?» -Қазақстанда бай мен кедей арақатынасы 22:1 қатынасындай екен. Яғни халқымыздың ең бай 10 пайызын ең кедей 10 пайызға бөлгенде 21 есе айырмашылық шығады екен.
«Қазақ заманға сай баюды үйрену керек» - Кешелі бері елімізде кедейлік пен байлықтың арасы алшақтап кеткені мәлім болды.
«Стратегиялық маңызы бар нысандар жер сілкінісіне дайын ба?» - Өткен аптада ғана Алматыда күшті жер сілкінісі болуы ықтимал деген ақпарат біраз қауымды даурықтырды.
AZATTYQ. ORG «Фукуяма: “Путин екіжүзді саяси ойын бастады”» - Америкалық саясаттанушы Фрэнсис Фукуяма «Ресей президенті Владимир Путиннің Шығыс Украинадағы басқыншылығына Батыс қалай жауап беруі керек?» деген сауалға қатысты пікірін білдірді.
«АҚШ-ты “Киевті соғысқа қайрады” деп жазғырды» - «Ресей Донбастағы соғысты тоқтатуды талап етеді». Кешелі-бүгін ресейлік БАҚ-тың жаңалықтары осылай басталатын болды. Кремль Украинаға қатысты сыңаржақ насихатын жалғастырып отыр.
«Еуропа жұрты неге Ресейден жасқанады?» - Еуропа азаматтары Израильдің Газа секторын бомбалауына, электрондық бақылаудың күшеюіне қарсы шерулер өткізді. Бірақ олар Ресейдің Украинадағы әрекеттеріне наразылық білдірмейді. Мұның себебі неде?
ABAI.KZ «Айдос Сарым: Тіл – кімнің кім екенін анықтайтын индикатор» - «Ресми тіл мемлекеттік тілмен тең дәрежеде қолданылады». Конституциямыздағы дәл осы тармақ мемлекеттік тілдің дамуын қаншалықты тежеп тұр?
SERKE.ORG. «Адасқан ат айналып қазығын тапты» - 2014 жылдың наурыз айының ортасында «саясаттан кеттім» деп мәлімдеген Мұхтар Тайжан сөзінде тұрмады.
«Ислам діні рейтинг көтеру құралы ма?» - Рас, біз кейде Ислам, имам, мешіт деген ұлы ұғымдарды сенсацияға айналдырып, өз дінімізді, өз наным-сенімімізді қалайша қорлап жатқанымызды білмей де, сезінбей де қаламыз.
SKIFNEWS.KZ «Путинге емес, өзіңе өкпеле!» - Бүгінде ұлтшылдар да, ұлтшыл еместер де Путинді түтіп жеуге дайын жүр. Түсінуге болады. Өкпелейтін жөніміз бар.
QAMSHY.KZ «Путин Қазақстансыз Ресейді елестете алмайды» - Украинадағы даудың жаңа кезеңі экономикалық санкциялармен бірге басталды.