Атырау, 19 желтоқсан 11:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Назарбаев пен Путиннің арасына от салып жатқан кім?». «Ұйғыр ғалымдары түркілердің ортақ тарихын "ұрлап" жатыр». «Ресейде “Антимайдан” науқаны басталды». «Әлиев Еуропаны да алдап келіпті». «Тамыздағы әкімдер рейтингі анықталды».

2 025 просмотра

ALASHAINASY.KZ    «Назарбаев пен Путиннің арасына от салып жатқан кім?» - Соңғы күндері Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық экономикалық одақтан шығып кетуге қатысты сөзін сан-саққа жүгіртіп, тіпті мұны Украина мәселесімен байланыстырып жатқандар көбейді.

«Ықшамдалған Үкімет аймақтағы атқарушы органдарға салмақ салады» - Тамыз айында Мемлекет басшысы Үкіметті қайтадан ықшамдап жасақтап, әр министрдің орынын белгілеп берген еді.

«Ұйғыр ғалымдары түркілердің ортақ тарихын "ұрлап" жатыр» - Тұрсын Ислам Ниязұлының «Қытай әлемге қауіп төндірді» атты бұл кітабы 2010 жылы Стамбул қаласындағы «Мудараба» баспасында жарық көріпті.

«Шенеуніктер жариялылықты Шешенстан президентінен үйренуі керек» - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлері Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтан үлгі алып, жариялылықты үйренуі керек, – деп хабарлайды.

AIKYN.KZ   «Адасқан арулар» - Жақында жаға ұстатарлық жаңалық оқыдым. Жақсы жері оқиға біздің елде емес, алыстағы АҚШ-та болған. Флорида штатында тұратын бір әйел жасөспірім қызын таспақұртпен қоректендірген. Сұлулық байқауында жеңіп шығуы үшін қызын осылайша, арықтатпақ болған.

AZATTYQ. ORG     «Ташкентте “Ислам мемлекетінің” туы ілінді» - Ташкентте біреулер «Ислам мемлекеті» содырлар ұйымының туын іліп кетті. АҚШ әскері әуе шабуылын бастаған содырлардың зияны туралы Өзбекстан президенті де айта бастады.

«Ресейде “Антимайдан” науқаны басталды» - Ресейлік БАҚ-тың жазуынша, ел аймақтарында еріктілер «Антимайдан» топтарын құрып жатыр. Ақпараттарға қарағанда, олар билікке көмектесіп, оппозицияның халықты арандатуына қарсы тұрмақ.

TURKYSTAN.KZ    «Әлиев Еуропаны да алдап келіпті» - «Жалған құжаттармен елді адастырып келді, шындықты бүркемеледі» деп айыпталған Рахат Әлиев келесі аптада сот алдында жауап береді. Өзін саясаттың құрбаны ретінде көрсеткісі келген ол қазір түрмеде отыр.

«Өмірдің ащы-тұщысын көрген Реджеп Тайип Ердоғанның ел басқару жолы» - Кешегі апта бауырлас ел Түркия үшін аса маңызды саяси оқиғаларға бай болды.

NUR.KZ        «Тамыздағы әкімдер рейтингі анықталды» - Әзірге Астана қаласының әкіміне ешкім жете алар емес.

 

 

 

 

  

 

  

5 қыркүйек 2014, 09:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.