Атырау, 27 қараша 15:33
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Оқулықтар неліктен жетіспейді?

2 749 просмотра

Қаладағы кітап дүкендерінде ұзын-сонар кезек көп. Ата-аналарға мектепте жетіспей қалған кітаптарды балаларына сатып алуларына тура келеді.

- Мектептерде, әсіресе қала мектептерінде оқулықтардың жетіспеуі орынды, - дейді облыстық білім беру басқармасының оқу бөлімінің меңгерушісі Роза ҚАБДОЛОВА. - Оқулықтар жинақталымын толықтай жаңарту үшін ақшалар соңғы рет 2005 жылы бөлінді. Содан бері біз оқулықтарды кестеге сәйкес бөліп-бөліп жаңартып отырмыз. Нұсқаунама бойынша, оқулықтар әрбір 4 жыл сайын қайта басылып отырады. Сол кезде оларды сатып аламыз. Өткен жылы 2-сынып үшін оқулықтарды жаңарттық. Биыл 3-ші және 10-шы сыныптар үшін жинақталымдарды алдық. Келесі жылы 11-сыныптың оқулықтарын ауыстырамыз. Сонымен қатар, біз басқа сыныптар үшін тағы 10-20 пайыз оқулықтарды қосымша сатып алуға тиіспіз. Алайда қаржының жетіспеуі салдарынан біз мұны жасай алмаймыз. Атырау облысында оқушылар жылдан жылға көбейіп келеді. Оқулықтардың бағалары да қымбаттауда. Ал қаржыландыру сол 2005 жылдың деңгейінде қалып отыр. Мен бұл туралы облыс басшылығына хабардар етіп, хат жолдадым. Бүгінде 3-сынып оқушылары оқулықтармен толықтай қамтылатын болады деп жауапкершілікпен сендіре аламын. 10-сынып үшін жинақталымдарды толықтай сатып алу үшін қалалық білім бөлімінің қаржысы жетпеді.  

Оның айтуынша, бұрын облыстық білім беру басқармасы мен қалалық білім бөлімі №173 «Бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiн оқулықтармен қамтамасыз ету туралы» үкімет қаулысын басшылыққа алған еді. Соған сәйкес, оқулықтар міндетті түрде көпбалалы және аз қамтылған отбасыларының балаларына уақытша пайдалануға тегін берілетін. Облыс оқушылардың ең болмаса осы санаты үшін оқулықтар сатып алуға ақша бөлуге мәжбүр болды. 2012 жылы бұл қаулы күшін жойды. Дегенмен де, мектептер осы ережені ұстанып, ең алдымен интернаттардың, жетім балалардың, көпбалалы және аз қамтылған отбасының балаларын оқулықтармен қамтамасыз етеді. Қалғандарына - жолдарының болуына қарай, жетіспейтін оқулықтарды дүкендерден сатып алуға тура келеді. Бірақ қазір тіпті сатып алынған 3-сынып оқулықтары кейбір мектептерге әзірге түспеген.

- Бізге ескі оқулықтар беріп, жаңаларының әлі түспегенін, олардың бәріне жетіспейтіндігін ескертті. Сондықтан мен базардан 9 оқулық сатып алдым, - дейді қала мектептерінің біріндегі үшінші сынып оқушысының анасы Армангүл.

Метептерде көбінесе қазақ әдебиеті, орыс және қазақ әдебиетінің хрестоматиясы, информатика оқулықтары жетіспейді. Оқулықтарға қатысты ахуал әзірге тұрақтала қойған жоқ. Бірінші аптада мектептер бір-бірімен өздерінде көп оқулықтарды жетіспейтін оқулықтарға ауыстыратын болады. Алайда оқушыларды 100 пайыз қамту мүмкін болмайды.

- Әсіресе қала мектептерінде бұл мәселе өзекті болып отыр. Біз талдау жасаған едік. 29 тамыздағы ахуал бойынша 1-сынып оқушыларының 60 пайызы, 2-сынып оқушыларының 70 пайызы, 3-сынып оқушыларының 60 пайызы оқулықтармен толықтай қамтылған. Тек қала мектептерінің жетінші сынып оқушыларының 20 пайызы ғана оқулықтардың толықтай жинақталымдарын алады. Әрине, қалғандарына оқулықтар беріледі, бірақ толық жинақталым емес. Біреуге бір оқулық жетіспесе, басқасына екеуі жетпейді, т.б., - деді Р.Қабдолова.

Зульфия ИСКАЛИЕВА  

4 қыркүйек 2014, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.