Фото: bellydance123.republika.plМысырда кабельді арналардың біріне мықын биін көрсетуге тыйым салынды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Елдің бас діни органы Дар әл-Ифта эфирден мықын биі байқауын көрсетпеуді бұйырды, органның мәлімдеуінше, бұл өнер азғындық жолға түсіреді және экстремистердің мақсатына қызмет етеді. Кабельді арналардың бірінен "Биші қыз" думанының көрсетіле бастағанына екі күн болған еді. Дар әл-Ифта өкілдері телебағдарламаны "Мысыр дін ұстанушыларының моралін бұзу жөніндегі науқанның бір бөлігі" деп атады. "Бұл думан "қоғам дінмен күреседі" деген тұжырымдарын ақтағысы келетін экстремистердің пайдасына қызмет етеді", - деп мәлімдеді орган.
Телеарна басшылығы мықын биі думанын көрсетуді тоқтатуға келісті. Бірақ оған діни шенеуніктердің ұсынысы емес, 2 қыркүйек күні Синай түбегінде қаза тапқан 11 мысырлық полицейді еске алу себеп болды.
Бұған дейін Мысырдың мемлекеттік органдары YouTube-ке қосылуға тыйым салған болатын. Каир сотының мұндай шешім шығаруына онда орналастырылған "Мұсылмандардың бейкүнәлігі" деген атышулы фильмнің трейлері себеп. 2012 жылдың қыркүйегінде Интернетке орналастырылған фильм мұсылман әлемінің наразылығын туғызды. Кейбір мемлекеттер, оның ішінде, Қазақстан мен Ресей де кинолентаны экстремистік өнім деп таныды. Каир соты Мысырдың фильмді түсіруге қатысқан жеті христиан азаматын өлім жазасына кесті.
Дереккөз: tengrinews.kz