ALASHAINASY.KZ «Ресей құрметтеуді білмейді» - «Селигер» жастар форумындағы Путиннің «Қазақтарда мемлекет болған емес...» деген мәлімдемесі біздің қоғамды бір дүрліктіріп, жағамызды ұстатқан еді.
«Қазақтың жанармайы қайда кетіп жатыр?» - Біз мұнайға бай мемлекетпіз. Мұнай қорымыздың молдығы жағынан әлемдегі мұнайлы деген 15 мемлекеттің қатарына енеміз. Міне, елдегі мұнай қорының көптігіне байланысты осы уақытқа дейін кеудемізді кере мақтандық, масаттандық.
«Неге біздің Украинаға жанымыз күюі тиіс?» - Путин Украина үшін Батыспен шайқасқа түсті. Бұл ұзаққа созылады. Бәрі ұтылады. Ең көп ұтылатын Украина болады. Өйткені ол өзі ештеңені шешпейді.
«Неге бүгінгінің баласы "қалай тудым?" деп сұрамайды?» - Демек, мультфильм – баланың дүниетанымын, сана-сезімін қалыптастыратын, болмысының өзгеруіне елеулі үлес қосатын, кез келген баланы баурап алатын «керемет құрал». Алайда мультфильмнің де «естісі бар, есері бар», кейбіреуінің тигізер кері әсері бар.
«Қажымұқан қандай тұлға?» - Осы біз біреу намысымызға тимесе, «мәу» демейтін халықпыз. Көрші Ресей «Поддубный» деген фильмді түсірмесе, өзіміздің батыр атамыз Қажымұқанды ұмытып кеткендей екенбіз.
«Үкіметтің қайта құрылуы қызметкерлер жалақысына әсер етеді» - Үкіметтің қайта құрылуы кейбір мемлекеттік қызметкерлер жалақысының азаюына ықпал етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевқа сілтеме жасап.
AZATTYQ. ORG «Ресеймен әріптестік келісімі ратификациялауды күтіп тұр» -Қазақстан мен Ресей арасындағы тату көршілік пен одақтастық шартын ратификациялау жайлы заң жобасы Қазақстан парламентіне түсті. Депутаттар Жириновский мен Ресейдің ойын «бөлек қарау» керегін де айтады.
«Украина Сталин тәсіліне жүгінбек» - Киев Сталин тәсілін пайдаланбақ. Украина әскер ішіндегі ресейшіл тыңшыларды қолға түсіретін құпия ұйым құрып жатыр.
«Ресей Қытайға газ құбырын тартуға кірісті» - Қаржыдан тапшылық көріп отырған «Газпром» Қытайға құбыр салуға кірісті. Бұл құбырды салу үшін «Газпром» «Роснефть» компаниясымен таласып келеді.
JASQAZAQ.KZ. «Жас спортшылар жайлы не білеміз?» - Жасы 20-ға толмаса да, талай додаларда жеңіс туын желбіреткен спортшыларымыз бар.
SHYN.KZ «Шортик киген қызда шатағың қанша?!» - Шортигі шортик деуге келмейтін көшедегі жалаңбұт қарындасымның сөзі ғой бұл. Ептеп ескерту айтқан ек. Бірі – қызарды, оны – сазарды. «Кешіріңіз, бір нәрсе айтайын. Тек сіз ренжімеңіз. Өтініш, бұлай киінбей-ақ қойсаңыз...» - дей берген ек... Баж етті!