Атырау, 18 мамыр 15:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қылмыс хроникасы

1 555 просмотра

Тамыздың 27-нде кешкісін Махамбет көшесінің бойындағы супермаркетте 22 жастағы қала тұрғыны «Хеннесси» коньягының бір бөтелкесін қолтығына жасырып алып кетпек болған кезде күзетшілер ұстап алды.

***

 

Тамыздың 28-іне қараған түні белгісіз біреулер Құрманғалиев көшесінің бойындағы үй ауласында тұрған УАЗ көлігінің алдыңғы әйнегін түсіріп алып, «Отау» антеннасы мен модемді қолды қылған. Полицейлер бақылау камерасының жазбасын қолданып, ұрлық жасады деген күдікпен Сарыөзек ауылының 14 жастағы тұрғынын ұстады. Заттай айғақтар алынды.

***

 

Тамыздың 26-нда сағат 16-да бекіре өсіру зауытының маңында Атырау-Дамбы тас жолында «Лада» ВАЗ 21440 пен «Тойота-Ландкрузер» соқтығысты. ЖКО салдарынан «Лада» жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Сараптама тағайындалды.

***

 

Тамыздың 28-нде су полиция-сының қызметкерлері Қызыл-балық ауылының маңындағы Жайық өзенінің жағасынан 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Оның қолында кесектеліп кесілген 12 келі бекіре еті салынған сөмке болған. Тергеу жүргізілуде.

***

 

Тамыздың 30-нда кешкісін Махамбет ауданының Алмалы ауылының маңында Жайық өзеніне шомылып жүрген Жұмыскер ауылының 35 жастағы тұрғыны суға батып кетті. Сүңгуірлер әйелдің денесін іздеп тауып, полиция қызметкерлеріне берді.

4 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.