Атырау, 27 қараша 14:39
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ата-аналарға арналған калькуляция

7 220 просмотра

Сурет салуға арналған альбомдар, түрлі-түсті қағаздар, қарындаштар, бір қорап ермексаз, бояулар, дәретхана қағазы, сулықтар, сабын, ойыншықтар... Ата-аналар жаңа оқу жылының басында әрбір балабақшадан дерлік шамамен осындай тізім алады.

Білім беру саласының шенеуніктері бюджеттен жеткілікті қаржы бөлініп отыр, балабақшалар еш нәрсеге мұқтаж емес деп есеп береді. Біз бөлінетін қаржыға қарамастан ата-аналарға неліктен балабақша үшін кеңсе құрал-жабдықтарын, гигиеналық құралдар мен ойыншықтар алып беруді өтінетіндігін анықтауды ұйғардық. 

 

БЮДЖЕТТІҢКӨМЕГІ ҚАНДАЙ?

Қалалық білім бөлімінің бас есепшісінің міндетін атқарушы Рахизад ӘБІШЕВАНЫҢайтуынша, қалалық балабақшаларды қаржыландыру екі қаржы көзінен – жергілікті және республикалық бюджеттен құйылады. Республикалық бюджеттен ақшалай қаржыларды жаңа балабақшалар алады.

- Кеңсе тауарларын, жуу және гигиеналық құралдарды, жұмсақ және қатты жабдықтарды, шаруашылық тауарларын, ойыншықтарды алу – мұның бәрі «Басқа тауарларды алу» деп аталатын бір шығындар бабы бойынша өтеді. Осы тармақ бойынша ағымдағы жылда жергілікті бюджеттен 21 балабақшаға 29 млн 850 мың теңге бөлінді. 15 жаңа балабақша республикалық бюджеттен 13 млн теңгемен қаржыландырылды, - деп түсіндірді Р.Әбішева.

Әрбір балабақша өз тәрбиеленушілерінің саны мен қажеттіліктеріне сәйкес сома алады. Мәселен, №1 АДГ-ға 1 млн теңге, №8 балабақшаға 2 млн 600 мың теңге, №9 балабақшаға 3 млн теңге және т.б. бөлінді.

 

БАЛАБАҚШАДАҒЫ МАТЕМАТИКТЕР

Миллиондар туралы әңгіме қозғалғанда керемет көрініс елестейді. Алайда бұл көріністі жақындатып, жоғарыда аталған шығындар бабы бойынша бюджеттен жылына 3 млн теңге шамасында қаржы алған бір балабақшаны мысалға алып қарайық. Мұндай қаржыландыруда мектепке дейінгі мекеме үшін қажетті заттарды алуға айына 250 мың теңге кетеді. Егер бұл балабақшаға 400-дей бала баратын болса, айына бір сәбиге бюджеттен 625 теңге бөлінеді. Осы сомаға байланысты балабақша әкімшілігі мекемені барлық қажетті нәрсемен қамтамасыз етуі тиіс. Бұлар сабын, дәретхана қағазы, ыдыс жууға арналған құрал, залалсыздандыратын құралдар, кір жуатын ұнтақ, сыпырғыштар, тазалауға арналған шүберектер, оқу процесіне арналған заттар. Арасында балабақшаға жиһаздарды жаңартуға, төсек-орындарды, жастықтарды, матрацтарды, сүлгілерді қосымша сатып алуға тура келеді.

- Әр ата-ана сертификатталған жақсы ойыншықтардың бағасы қанша тұратынын біледі. Мұндай қаржыландырумен ойыншықтар сатып алу – біз үшін қол жетпейтін нәрсе. Оған қоса, балабақша жұмыстарын ұйымдастыру үшін бізге тәрбиешілерді дәптерлермен, қаламдармен қамтамасыз ету керек. Балабақшаға көп көлемде папкалар, қағаздар мен басқа да шығынды материалдарды үнемі сатып алу керек. Әр балабақша мен әрбір топтың жеке-жеке әдемі әрі қызықты безендірілгенін қалаймыз, - деп ойымен бөлісті қаладағы балабақшалардың бірінің басшысы. – Безендіруге тапсырыс беру үшін, алуан түрлі әдістемелік құралдарды дайындауға материалдар алу үшін тірнектеп қаржы жинауға мәжбүрміз. Сондықтан бізге тікелей мағынада жағдайдан шығып, ата-аналардың көмегіне жүгінуге тура келеді. Мұндай көмек туралы өтініш міндетті сипатта емес. Біреулер жағдайы болса, жылына бір рет түрлі-түсті қағаздар жинағын, альбом және сурет салатын қарындаштар алып келеді. Ал бұған жағдайы жетпейтін ата-аналардың балалары сабақтарда ермексазсыз немесе қолдары кір күйінде қалмайды.

Анастасия ПАСТУХОВА

4 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.