Атырау, 17 мамыр 10:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Аудан жаңалықтары

2 695 просмотра

«Қызылқабаққа» қазба жүреді

«Қызылқабақ» қорғанында қазба жұмыстары жүргізілмек.

Облыстық тарихи мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекцияның айтуынша, қорған  Индер поселкесінен 16 км, Жарсуат ауылынан 24 км жерде орналасқан, биіктігі 5 метр шамасындай.

***

 

Мамандар баспаналы болды

Махамбет ауданына биыл бес медицина және білім беру маманы жұмысқа келді.

Оның екеуіне жеңілдетілген несие бағасымен баспана берілген. Әкімдік жыл аяғына дейін мамандар тұрғын үймен толық қамтамасыз етілетінін жеткізді.

***

 

Ауылдарда асфальт бар

Махамбет ауданына қарасты Алға (2,4 км), Ортақшыл (2,8 км), Есбол  (4,6 км), Сарайшық (7 км), Жалғансай (3,6км) ауылдарының кірме және ауылішілік жолдарын жөндеу жұмыстары қарашада бітеді деп жоспарланып отыр.

Мердігер - «АИС» ЖШС.

***

 

Балабақшалар жөнделеді

Махамбет ауданындағы әбден тозығы жеткен Алмалы және Қосарал орта мектептері күрделі жөндеуден өтті.

Алмалыда жөндеу құны 65 млн теңгеге, Қосаралда 122 млн теңгеге шықты. «Жасдәурен» балабақшасы (42 млн) мен «Бүлдіршін» балабақшасында (48 млн) күрделі жөндеу жұмыстары енді басталуда.

***

 

Мал азықсыз қалмайды

Жылыойлық қожалықтар биыл мал азығын дайындауда алда келеді.

Бүгінде аудан бойынша 38 мың тонна пішен дайындалған. Бұл қажетті шөптің 85 пайызға орындалғанын көрсетеді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

4 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.