Атырау, 27 қараша 14:49
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Шынайы өсім бар

4 534 просмотра

Биыл облыс орталығының ауылдық округтерінде егілген егістік ауданы үштен бірге артты және 1 924 гектарға жетті. Олардың ішінде: картоп – 391,6 гектар, көкөністер – 982,6 гектар, бақша дақылдары – 255 гектар, жоңышқа – 294,4 гектар. Бұл туралы қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі хабарлады.

Нәтижесінде 4,7-5 мың тонна картоп, 30 мың тонна көкөніс, 7 140 тонна бақша дақылдарын және 942 тонна жоңышқа жинау жоспарлануда.

Шаруалар картопты жаппай оруды қыркүйекте бастайды, бүгінде тек 300 тонна «екінші нан» жиналған. Көкөністер мен бақша дақылдары орылған ай жарым уақытта 6 020 тонна қызанақ, 5 030 тонна қияр, 1 050 тонна пияз, 2 070 тонна сәбіз, 1 010 тонна орамжапырақ, 980 тонна қызылша, 800 тонна баклажан, 1 100 тонна бұрыш, 2 100 тонна қауын және 3 500 тонна қарбыз жиналып, өткізілді. Егіннің әлі үштен бірі орылған жоқ. Абырой болғанда, тамыздағы аптап ыстық егіннің қатты пісіп кетуіне әсер еткен жоқ. Алайда, шаруалардың айтуынша, бірталай қарбыз бен қияр күнге күйіп кеткен. Егін орағы бұдан да мол болар еді.

Биыл жеміс-көкөніс жәрмеңкесінде осы жылы ғана ашылған «Ақ Жайық», «Ауыл», «Балмұханова», «Нұрәділ», «Мақсат», «Ешімов», «Бөкен» шаруа қожалықтары өз көкөністерін ұсынды. Көпжылдық тәжірибесі бар 55 шаруа егін егу және жинау бойынша шығындарын өтеуге құжаттарын тапсырды және алға қарай жергілікті бюджеттен жалпы сомасы 54 млн теңге болатын субсидия алады. 7 қожалық «Атырау» ӘКК-мен фьючерлік шарт жасасты және облыстың тұрақтандыру қорына 48,5 млн теңгеге өнімдерін жеткізетін болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

4 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.