Атырау, 27 қараша 14:46
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Диқандарға берілетін субсидиялардың көлемі бекітілді

1 976 просмотра


Облыс әкімі шаруалардың олар егін өсіру кезіндегі шығындарын азайту үшін әлеуетті ауылшаруашылық дақылдары мен субсидияларды есептеу нормаларының тізімін бекіту туралы қаулыға қол қойды.

Шаруа қожалықтары (егістіктің әр гектары үшін) мына дақылдарды өсіру кезінде көмек алады:

Дәнді дақылдар (арпа егіп, жемшөп дайындағаны үшін) - 550 теңге, зәйтүн - 3,4 мың теңге, дәстүрлі технология бойынша өсірілетін картоп – 30 мың теңге, өндірістік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін пайдаланып өсірілетін картоп – 70 мың теңге, дәстүрлі технология бойынша өсірілетін көкөніс пен бақша өнімдері – 20 мың теңге, өндірістік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін пайдаланып өсірілетін көкөніс пен бақша өнімдері – 60 мың теңге, өндірістік үлгідегі жылыжайда өсірілетін көкөністер – 5 млн теңге, фермерлік жылыжайда өсірілетін көкөністер – 4 млн тенге, көпжылдық бұршақ өсімдіктерінің бірінші жылында – 45 мың теңге, көпжылдық бұршақ өсімдіктерінің екінші және үшінші жылында – 4 мың теңге,  жүгеріні сүрлеу – 8 мың теңге, тамыр жемісті мал азығы – 10 мың теңге.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

4 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.