Атырау, 19 желтоқсан 10:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Депутаттар бәріне дайын!». «Киев: Жүздеген сарбаз тұтқынға түсті». «Депутаттар Путинге емес, Жириновскийге наразы». «Храпунов Швейцариядағы өмірі мен есепшоттары туралы айтты». «Путин Ресейді Солженицын үлгісімен “қайта құрып” жатыр ма?».

2 160 просмотра

ALASHAINASY.KZ    «Назарбаев пен Путиннің арасына от салып жатқан кім?» - Соңғы күндері Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық экономикалық одақтан шығып кетуге қатысты сөзін сан-саққа жүгіртіп, тіпті мұны Украина мәселесімен байланыстырып жатқандар көбейді.

«Тұтынушыны тонау қашан тыйылады?» - Біз инфляцияны ауыздықтауға келгенде көршілес ТМД елдерінен көшілгері тұр екенбіз (!).

«Путин сөзінен жаңылды ма, әлде қасақана айтты ма?» - Путиннің 29 тамыздағы «Селигер» жастар форумындағы «Қазақтарда мемлекет ешқашан болған емес...» деген мәлімдемесі барша қазақтың шымбайына қатты батып, Ресей Президентінің бұл сөзі біздің қоғамда үлкен тақырып талқысына айналды.

«Депутаттар бәріне дайын!» - «Бір, екі, үш... Аса қадірлі..., Бір, екі, үш... Ас қадірлі...». Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыповтың бүгінгі жұмысы дәл осылай мінбедегі бас микрафонның дайындығын тексеруден басталды. Артық-кемі жоқ дәл бір сағаттан кейін тап сол мінбеге президент Нұрсұлтан Назарбаев шығып, парламенттің сессиясын ашып берді.

«Киев: Жүздеген сарбаз тұтқынға түсті» - Украина билігінің хабарлауынша, соңғы күндері Донецк облысында ресейшіл сепаратистер 680-ге тарта украин сарбазын тұтқынға алды. Бұған дейін Киев украин әскері сепаратистер бекінген Луганск әуежайынан шегінгенін хабарлаған.

TURKYSTAN.KZ    «Путин мәлімдемесінің астары...» - Қазақстан мен Ресей ақпарат құралдары екі ел Президентінің Қазақстанның мемлекеттілігі және Еуразиялық одақ жайлы мәлімдемелерін шендестіріп, бұдан үлкен саяси астар іздеуде.

AZATTYQ. ORG     «Депутаттар Путинге емес, Жириновскийге наразы» - Қазақстан парламенті мәжілісі депутаттары ресейлік саясаткер Владимир Жириновскийдің бірер күн бұрын Қазақстанға қатысты айтқан сөзіне наразылық білдірді.

«Храпунов Швейцариядағы өмірі мен есепшоттары туралы айтты» - Қазақстанның бұрынғы топ-шенеунігі, қазір Швейцарияда тұратын саяси эмигрант Виктор Храпунов Азаттыққа берген сұқбатында баласының Швейцариядағы бизнесі жайлы да айтты.

«Путин Ресейді Солженицын үлгісімен “қайта құрып” жатыр ма?» - Путиннің «Ұлы Ресей» туралы геосаяси көзқарасы Нобель сыйлығының лауреаты Александр Солженицынның 1990 жылғы эссесіне сүйенгендей әсер қалдырады.

«Назарбаевтың Путинге “жауабы” көп жазылды» - Ресей президенті Путиннің «қазақ мемлекеті болмағанын» айтқан сөзінен кейін ресейлік БАҚ, іле-шала интернет Қазақстан президенті Назарбаевтың «Еуразиялық одақтан шығатынын айтып қорқытқанын» жаза бастады.

SERKE.ORG.  «Біз неге Украина үшін күюге тиіспіз?» - Жемісін беріп тұрған саясаттан Путин бас тартпайды. Путиндікі – дұрыс, өз билігі үшін, Ресей үшін дұрыс. Украинаның да өз мақсаты бар, ол бәрібір соған жетпей тынбайды. Ал біздің мақсат бөлек. Біз Ресейдің ықпалынан шыққанда баратын басқа жеріміз жоқ. Географиямыз солай.

QAZAQUNI.KZ   «Кимешек киген кейуаналар қайда?..» - Кимешек – біздің ұғымымызда қазақ әйелінің басына орап, киетін ұлттық киімі. 

3 қыркүйек 2014, 09:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.