Атырау, 19 желтоқсан 10:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Отын қауымдастығы: Жанармай тапшылығы қолдан жасалды». «Шыңғыс ханның құпия шежіресі». «Бензин тағы қымбаттай ма?». «Доллар мен теңге күрессе...». «Киев қай жолды таңдайды?». «Мектеп формасы: баға және сапа».

3 357 просмотра

ALASHAINASY.KZ    «Отын қауымдастығы: Жанармай тапшылығы қолдан жасалды» -Қазақстанның отын қауымдастығы мемлекеттік органдарды елде жанар-жағармай тапшылығын әдейі туғызып отыр деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ұрпақтың ұсақталуының сыры неде?» - Бүгінгі бала бұрынғы баладан бөлек, байқасаңыз. Ақыл-ойларына артар кінә жоқ, дегенмен ұлтымыздың ұсақталып бара жатқаны дәлелдеуді қажет етпейтіні анық.

«Шыңғыс ханның құпия шежіресі» - Шыңғыс хан 1154 жылы, доңыз жылы монғол ішінде Блунилдық деген жерде туыпты. Туғанда бір қолы жұмулы болған соң, кіндігін кескен қатын ашып қараса, уысында қан бар екен, соны ақсақалдар естіп, «көп ел болып, зор хан болып, көп қан төгеді екен» деп болжам қылыпты.

«Бензин тағы қымбаттай ма?» - Мұнайлы Қазақстандағы «бензин безгегі» мәселесі бүгінде тек көлігі бар жүргізушілерді ғана емес, қаражаяу қалың жұртшылықты да қатты мазалап жүр.

AIKYN.KZ   «Доллар мен теңге күрессе...» - Естеріңізде болса, жыл басында Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов экономикамызды шетел валютасының кыспағынан алып шығатын Мемлекеттік бағдарламаның жобасы дайындалып жатқанын, ол маусым айында Үкімет назарына ұсынылғанын айтқан болатын.

«Киев қай жолды таңдайды?» - «Минскдегі үштіктің кездесуінен (Кедендік Одақ, Еуроодақ және Украина) үлкен нәтиже күте қою қиын. Бірақ сең қозғалды деуге болады» деген 23 тамыз күні Украинаға сапарлай келіп, Порошенкомен кездескен неміс канцлері Ангела Меркель.

AZATTYQ. ORG     «Полигон құрбаны бес рет операция жасатқан» - 40 жыл бойы ядролық қару сыналған Семей полигонының жабылғанына 23 жыл өтсе де, оның зардабын әлі күнге дейін шегіп жүрген адамдар бар.

«Сайрамдағы жанжалдан бір адам ауруханаға түсті» - Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында бір топ адам ұйымдастырған тәртіпсіздіктен бірнеше тұрғын және кәсіпкер зардап шеккен. Полиция жанжалдың этникалық сипаты жоқ деп сендіреді.

ABAI.KZ   «Теріс ағымдағылар текетіресі» - Соңғы кездері тек шетелдік  емес, отандық бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде де  Ислам туралы әңгіме қозғала қалса болды «лаңкестер» деген қосымшаның құлағын қылтитып қою  дәстүрге айналып бара жатыр.

QAZAQUNI.KZ    «Бензин “безгегі” емделмейді» - Жуырда хабар-ошар құралдары Еуразия экономикалық комиссиясына сілтеме жасап, жайсыздау деректі жария етті.

«Мектеп формасы: баға және сапа» - Кезекті оқу маусымы басталарда баласын жаңа оқу жылына қамдайтын ата-анадан маза кетеді. Әсіресе, сапалы әрі бағасы қалта көтеретін мектеп формасын іздеу машақат.

JASQAZAQ.KZ.    «Бай мен кедей арасындағы алшақтық ұлғаюда» - Форбс журналының 2014 жылдың наурыздағы нөміріне сәйкес, әлемдегі ең бай 67 адамның дүниесі ең кедей3,5 млрд адамның табысына пара-пар.

29 тамыз 2014, 09:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.