Атыраулық спортшы Шынар КЕНЖЕБАЕВА британдық Сток-Мандевиль қалашығында жасөспірімдер мен қыздар арасында өткен паралимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпионатында «қолаға» қол жеткізді.
Қазақстандықтар жүзу, үстел теннисі, пауэрлифтинг және жеңіл атлетика сияқты спорттың төрт түрінен сайысқа түсті. Қоржындарында 28жүлде бар, олардың екеуі үстел теннисінен түсті (алматылық Елдана Бадуоваалтын медаль алса, жоғарыда айтқанымыздай, Шынар қола иеленді).
Қазақстан құрамасының сапында «Атырау облысы мүгедектерінің спорт клубы» КМК-ның үш мүшесі – Ш. Кенжебаева, Махамбет Насихан және Асылхан Саясатов(бәрі теннисшілер) өнер көрсетті. Махамбет пен Асылхан сәйкесінше 7-ші және 1-шы орындарға табан тіреді.
«Атырау облысы мүгедектерінің спорт клубы» КМК жаттықтырушысы Гүлнәр ИМАНАЛИЕВА: «ҚР Паралимпиадалық комитетінің өкілдері Олжас Ақпанбетов пен Ерназар Бексұлтанов атыраулық спортшылардың дайындығына жоғары баға берді. Шынардың тобында ер балалар да, қыздар да сайысқа түсті, алайда бұл теннисші қызымыздың керемет өнер көрсетіп, қола медаль алуына еш бөгет болған жоқ.
Болашағынан үміт күттіретін М. Насиханның жол шығындарын ҚР Паралимпиадалық комитеті қаржыландырды. Алдын ала айналымда ол 6 қатысушыдан топта 3-орын алды, алайда жартылай финалға шығатын шешуші кездесуде Ирландия құрамасының өкілінен ұтылып қалды.
Шынар мен Асылханды жарысқа апару үшін біз он күн бойы барлық кеңселерді аралап шықтық. «Ембімұнайгаз» АҚ директоры Махамбет Досмұхамбетов көмектесуге уәде беріп, ақша бөлді. Мүгедектер спорт клубы оған үлкен алғысын білдіреді.
Лондонда чемпионатқа қатысушыларға қызықты мәдени бағдарлама ұйымдастырылды. Қазір осы үш атыраулық спортшының көңіл-күйлері көтеріңкі, 2015 жылы Голландияда өтетін келесі әлем чемпионатында жетістіктерін жақсарту жолында жаттығуларға кірісіп кетті».
Сурет «ЖС» мұрағатынан алынды