Атырау, 23 қараша 12:27
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ерланның жобасы қолдауға ие болды

2 126 просмотра

«Атырау. Кішкентай ел» қоғамдық бірлестігі республикалық «Үздік әлеуметтік жоба» конкурсының іріктеу кезеңінің жеңімпазы боп танылды.

Өңірлерде конкурсты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары өткізсе, республикалық деңгейде іріктеуді Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жүргізеді. Атырау облысында конкурсқа үш жоба қатысты. Мүгедектердің «Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлестігі мұқтаж жандарды мүгедек арбасымен қамтамасыз ету арқылы батыс өңірдегі арбадағы мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсартуды ұсынды. Бірлестік арбаларды гуманитарлық көмек ретінде сыйлыққа алды. «Нұртамшы» ҚБ қорғаған жоба «Жүрек жылуы» деп аталады. Жоба мақсаты – қабілеті шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу және олардың шығармашылық әлеуетін дамыту. «Атырау. Кішкентай ел» конкурсқа өзінің «Анималотерапия» (иттердің көмегімен емдеу) жобасын ұсынды. Біз бұл психотерапиялық әдіс туралы жазған болатынбыз, міне, дәл осы жоба комиссия шешімімен конкурстың екінші кезеңіне өтті. Алдағы уақытта Еңбек министрлігінің қолдауына ие болады деп сенейік.

- Сіз Күмісқалиевтің анималотерапия Орталығының негізгі қиындығы жұмыс жүргізу үшін жеке орынжайының болмауы екенін білетін шығарсыз?– деп сұрадық облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан МҰХАМБЕТОВТЕН.

- Иә, біз бұл мәселені Ерланмен талқылағанбыз, мен оны осы мәселелерге жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВТЫҢ алдында айтқанмын. Ғимараттың цокольды қабатынан орынжай тауып беруге болатын еді, бірақ дәл қазір нақты ешнәрсе айта алмаймын. Ол жерде уақ-түйек мәселелер бар: жөндеу жұмыстарын кім жүргізеді, коммуналдық қызмет төлемдерін, басқа да төлемдерді кім төлейді дегендей. Алайда біз бұл мәселені қарастырудамыз.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

25 тамыз 2014, 11:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.