Атырау, 21 желтоқсан 12:11
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Атырау» «Тобылды» ұтты

2 165 просмотра

23 тамызда Қостанайда өткен футболдан ел чемпионатының 23-туры матчында «Атырау» жергілікті «Тобылды» 1:2 есебімен жеңді.

Ойында бірінші болып алаң иелері 30-минутта есеп ашты. Үзілістен кейін бас бапкер Владимир Никитенконың шәкірттері ойын тізгінін өз қолдарына алды: алдымен (57-минутта) алаң иелерінің айып алаңына шығарылған допты Айбар Нұрыбеков қақпаға дарытса, он минуттан кейін бұрыштама добын ойынға қосу кезінде Ренат Абдуллин гол соқты.  

Осылайша «Атырау» чемпионаттың екінші кезеңін сәтті бастады. Естеріңізге салсақ, 1-кезеңнің қорытындысы бойынша турнир кестесінде 7-орыннан 12-орын аралығында орналасқан командалар Премьер-лигада қалу үшін күреседі. Алға қарай не болатынын көрейік...

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 тамыз 2014, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.