Бүгін, 22 тамызда, түнгі сағат 3 шамасында қалалық қоқыс полигоны өртенді.
Қала таңға жақын түтінге оранды. Қоқыстың астыңғы қабаты өртеніп жатқанға ұқсайды, өйткені жалын көрінбейді, көк түтін. Мұны «Арнайыавтобаза» КМК директоры Мұратбек МАХАНОВ та растады:
– Ашық жалын болған жоқ, алайда түтіндеу алаңы өте үлкен, шамамен 200 шаршы метр. Бұл биыл жазда болған бірінші өрт. Себебі белгілі: ауаның аса ыстық температурасы бірнеше аптадан бері сақталып отыр. Астыңғы қабат жанып жатқандықтан, ұзақ уақыттан бері тек түтін шығып тұрды, түнде көрінбеді, сондықтан да біздің қарауылшыларымыз жанудың басталуын байқай алмай, өз уақытында әрекет ете алмаған. Қоқыс полигонының үлкен ауданын да есепке алу керек. 35 гектарға созылады. Сонымен қатар, түн қараңғысында астынан бықсып жатқан қоқыс үстімен жүру адамдар өмірі мен техникаға қауіпті. Жарық түскен бойда жедел топ рекультивациялауға, яғни, топырақпен көмуге кірісті. Арнайыавтобазада қолданатын басқа тәсіл жоқ.
Фотоны "АЖ" оқырманы жолдады.Махановтың айтуынша, қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ таңертең полигонға келіп, барлық қажетті техникаларды қосуға тапсырма берген. Қалалық ТКШ бөлімі Арнайыавтобазаны жетіспейтін арнайы техникамен қамтамасыз етті. Қазір өрт сөндіруге сегіз топырақ төгетін көлік, екі тиегіш, экскаватор және бульдозер тартылды. Маханов күн батқанша өртену зардаптарын жоямыз деп үміттенеді.
Кейінірек М. Маханов қоқыс полигонындағы түтіннің сағат 16.50-де толықтай сөндірілгенін хабарлады.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Суретті түсірген қанат ЕЛЕУОВ