Атырау, 27 қараша 13:42
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жол өткелі астын тағы қазып жатыр

2 207 просмотра

23 тамыз бен 20 қыркүйек аралығында жол жабындысын кеңейту мақсатында Атырау-Геолог трассасының Привокзальный ықшамауданындағы темір жол өткелі астында автокөлік қозғалысы шектеледі.  

Алайда, «АтырауИнжСтрой» жол компаниясының техникалық директоры Валерий КУДРЯКОВ хабарлағандай, бұл шектеулер өткен жылғыдай үлкен ыңғайсыздық тудырмайды. Былтыр темір жол өткелін қайта салғанда барлық көліктер Говоров көшесі арқылы айналып өткен еді. Биыл жөндеушілер жолдың бір бағытына асфальт төсеп жатқанда, көліктер келесі бағыттағы жолақпен қозғала береді. Жол кеңейтіледі, алдымызда жер қазу жұмыстарының үлкен көлемі, сондай-ақ коммуникацияларды көшіріп, ескі асфальтті қыру жұмыстары күтіп тұр.  

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

22 тамыз 2014, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.