20 тамызда Атырау қаласындағы Әулие Успен Соборына Орынбор және Саракташ митрополиті Валентин мен Орал және Гурьев Архиепископы Антони Табынск Құдай Анасының киелі иконасын әкелді.
Шіркеу басшысы Михаил әкейдің айтуынша, бұл – православиелік икондар арасындағы ең тылсым, жұмбақ икондардың бірі. Табынск Құдай анасы өзінің Орынбордағы туған шіркеуінде сирек болады – бұл жер-жерді аралап жүретін икон. Қазақ руы – «Табынға» жақын естілетін бұл атау Орынбор казак округінің Табынск станицасынан шыққан.
Табынск Құдай Анасының иконы Ресейдегі ең жұмбақ икон, - дейді ол. – Ресейдің көптеген жерлерінен ол туралы еміс-еміс естеліктер, кейде аңыздарды да естуге болады. Кей уақытта қарттардың аузынан: «Иә, мұндай икондар бар, мәселен, Қазандық икон, өте ескі, Жүзі көмескі. Бұл иконға казактар Табынск деп аталған соң құлшылық еткен. Ал иконның Жүзі тек Құдай ананың таңдаған адамдарына ғана ашылады» деген сөздерді естиміз.
Бұл бейнеге 24 тамыз күні 18.00-ге дейін табынуға болады.
Анастасия ПАСТУХОВА