21 тамызда «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндірістік филиалына «Интергаз – Орталық Азия» АҚ-тың «Атырау» магистралды газ басқармасы (МГБ) қыркүйектің екінші жартысында Атырау қаласына газ жеткізуді тоқтататыны туралы хабарлады.
«Атырау» МГБ бас инженері Мұрат ЕРІМБЕТОВТЫҢайтуынша, газ құбырларына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін газды тоқтату Ресей, Қазақстан және Өзбекстан газшыларымен көктемде келісіліп қойған еді. Алайда «Атырау» МГБ шетелдік әріптестерінің алдына келісілген мерзімнен де ұзағырақ уақыт жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесін көтеруге мәжбүр болып отыр.
Жаңадан ұсынылған жоспар бойынша Мақат – Солтүстік Кавказ магистралының 217 ақаулы құбырын және осы магистралдан Атырауға тартылған 61 ақаулы құбырды ауыстыру қажет. Бұл қаланың сол жақ жағалау бөлігінде 16-21 қыркүйек аралығында, оң жақ жағалау бөлігінде 25-30 қыркүйек аралығында газды тоқтатуға мәжбүрлеп отыр.
М. Ерімбетовтың хабарлағанындай, тоқтату мерзімдеріне облыстық әкімдік түзетулер енгізуі мүмкін: «Қазақстан – Ресей форумы өткізілетін күндері Атырау қаласы газсыз қалмауы керек».
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ