Атырау, 27 қараша 13:35
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қызын құтқарып, өзі суға кетті

2 480 просмотра

20 тамызда Доссор кентінің 42 жастағы тұрғыны Махамбет ауданы Алмалы ауылының тұсында 19 жастағы қызын құтқарамын деп, Жайық өзені суына батып кетті.  

Облыстық су-құтқару қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға сағат 14.00 шамасында болған. Екі отбасы өзен жағасындағы тоғайға демалуға келген екен. Қыз суға түсуге кетіп, біраз уақыттан кейін көмек сұрай айқай салды. Әкесі суға секіріп, батып бара жатқан қызын су бетіне шығарып, өзі батып кетті. Оқиға орнына демалуға келгендер жағадан тартылған ау құралын байқады. Ауды жағаға тартып шығарғанда, марқұм болған әкенің денесі оралып шықты. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

22 тамыз 2014, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.