Атырау, 20 маусым 15:07
 ашықВ Атырау +23
$ 519.55
€ 596.03
₽ 6.63

Құлсарыда тағы да оқ атылды (толықтырылды)

3 587 рет қаралды

Тамыздың 6-сынан 7-сіне қараған түні Құлсары қаласында атыс қаруынан атылған оқтан 21 жастағы жігіт жарақаттанды.

Белгісіз адамдар «Стадион» спорт кешенінің алдында тұрған Құлсары қаласының тұрғынының мойыны мен кеуде тұсынан оқ атқан. Зардап шеккен жас жігіт ауруханаға жеткізілгеннен кейін оған шұғыл медициналық көмек көрсетілді.

Жылыой ауданы прокурорының орынбасары Жәнібек ҚАРАЖАНОВТЫҢ бізге хабарлағанындай, бұл оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-тармағымен («Қылмыс жасауға оқталу») қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерді анықтау бағытында жедел-тергеу амалдары жүргізілуде.

Жылыой АІІБ бастығы Руслан ӘДІЛОВТЫҢ бізге хабарлағанындай, жедел-тергеу амалдары нәтижесінде 19 жастағы К.Д. есімді күдікті ұсталған, ол жасаған қылмысын мойындап отыр.

Зардап шегуші ауруханадан шықты.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА   

22 тамыз 2014, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.