Атырау, 19 желтоқсан 11:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Қазақстанда халифат құруды уағыздаушылардың күйттегені не?». «Кремль санкциясының Қазақстандағы жаңғырығы». «Мәскеудегі ғимаратқа Украина туын тікті». «Шыңғысхан татар ма, моңғол ма, әлде қазақ па?». «Украина. Бір елдің тууы мен өлуі...».

2 191 просмотра

ALASHAINASY.KZ    «Қазақстанда халифат құруды уағыздаушылардың күйттегені не?» - Күні кеше Павлодарда Қазақстанда халифат құруды уағыздаушы төрт азамат құрықталды.

«Адамды малша саудалағандарға зауал бар ма?» - Етек жайған көп қылмыстардың қатарына «адам саудасы» келіп қосылды. Кәдімгідей толыққанды қылмыс ретінде төбе көрсетіп, қара көбейтiп үлгiрдi.

«Түркі халықтарының Қытай мәдениетіне ықпалы Шыңғыс хан дәуірінен бұрын басталған» - Біріккен ұлттар ұйымының ресми тілдерінің бірі саналатын қытай тіліне деген қызығушылық жыл өткен сайын артып келе жатыр.

«Жауырыншы жайлы не білеміз?» - Қазақ халқының таным-түсінігінде жауырыншы деген сөз жиі айтылады. Кезінде ұлттық дәстүрді ұмытып қала жаздадық емес пе?

«Кремль санкциясының Қазақстандағы жаңғырығы» - Жергілікті сарапшылар Батыс елдерінің ауыл шаруашылығы өнімдерінен Ресейдің бас тартуынан Қазақстан ұтуы мүмкін деген болжам жасайды. Ал елдің оңтүстігіндегі ең ірі аймаққа сапарында Қазақстан президенті ауыл шаруашылығы саласында «жаңа технологиялар жоқ» деп сөкті.

«Мәскеудегі ғимаратқа Украина туын тікті» - Белгісіз біреулер Ресей астанасындағы биік ғимараттың төбесіндегі жұлдызшаны көк және сары түске бояп, ұшар басына Украина туын іліп кеткен.

ABAI.KZ.    «”Мұңды” студия» - ...Студияда жүрегіңді бүлк еткізер ойнақы саз ойнай жөнелді. Оны сахнаның оң жақ бұрышында орналасқан вокалды-аспапты ансамбль шабыттана шарықтатып жатыр. Ұрмалы саз аспаптарын сабалаған әдемі қыз орнында байыз тауып отыра алмай, қос бүйіріне кезек қопаңдайды.

«Қазақ қандай ұлт?» - Халықтың көп болуы, көп болғанда да миллиардқа жетуі үлкен қасірет. Иә, малдың, өзге де жабайы хайуанның көп болуынан адам санының көп болуы ең қатерлі қорқыныш.

QAZAQUNI.KZ     «Шыңғысхан татар ма, моңғол ма, әлде қазақ па?» - Бұған дейінгі әлемдік тарих ғылымында адамзат тарихындағы ең ұлы хандардың бірі – Шыңғысханды моңғол ұлтынан шыққан деп түсіндіріліп келді. Қарапайым мектеп оқулығынан бастап, қалыңдығы кірпіштей болатын кесек монографияларда да осылай тәпсірленді. Алайда, соңғы жылдардың бедерінде бұл тоң жібіп, татар тарихшылары оның татар екенін дәлелдеуге тырысса, якуттар оның якуттық тамырын қопарып жатыр. Ал Қазақстанда Шыңғысханның қаны қазақ деген пікір аясында қоздаған тартыстар қазір бәсеңсігенімен, әлсін-әлсін өршіп тұрады.

SKIFNEWS.KZ    «Есекке шапқан араб, ит жеген қазақ...» - «Titus.kz» сайты таяуда көрмек түгілі естіген жанның есінен тандыратын бір ақпарат жариялады. Төрт-ақ сөйлемнен тұратын ақпаратта не айтылады? Әлгі ақпаратқа сенсек Сауд Арабиясының бір дәулетті шейхін айдалада есек теуіп өлтіріпті.

JAQSY.KZ   «Украина. Бір елдің тууы мен өлуі...» - «Мұндай ел болмаған. Сталиннің тұсында жасанды құрылған». Бұл сөз – күні кешеге дейін Ресейден іргесін ажыратқан елдің түгеліне қарата айтылатын.

21 тамыз 2014, 13:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.