Фото: kz.all.bizАқтау. 19 тамыз. ҚазТАГ – Маңғыстаулық кәсіпкерлер сұйытылған газды өңір сыртында қайта сатуда, онысы тапшылық пен бағалардың өсуіне мұрындық болуда, деп санайды Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Бақыт Ұлықпанов.
ҚазТАГ тілшісінің ақпарынша, өткен дүйсенбі күні Маңғыстау облысы Ақтау мен Жаңаөзендегі 128 жанар-жағармай құятын бекеттерінің (ЖЖҚБ) небәрі 7-еуі ғана жұмыс жасаған, газ бағасы жанармай бекеттерінің көбінде литріне Т80-ге дейін көтерілген.
«Газ сатуға деген жеткізім көлемдері баяғыша. Көліктер де сол. Ал баға кенет шарықтап кетті. Біз оның себептерін шамамен білеміз. Кейбір кәсіпкерлер амал-айла тауып, өз жолдарымен сұйытылған газды облыс сыртына қайта сатуды бастаған. Шекара сыртына болсын, әлдеқайда болсын сатқанын әзірге айта алмаймын, бірақ газдың облыс шегінен асып үлкен көлемде кетіп жатқаны туралы нұсқа бар. Біз әзірше тексере алмаймыз – мораторий», - деді Б. Ұлықпанов.
Оның айтуынша, кейбір «алақол кәсіпкерлер келісімді бұзады». «Олардың әрқайсында «ҚазГӨЗ» зауытымен келісімдері бар, онда оның жанармайды үшінші тұлғаларға қайта сатусыз тек Маңғыстау облысында ғана сатуға міндетті екені жазылған», - деді Б. Ұлықпанов сейсенбідегі баспасөз мәслихатында.
Жағдайды тұрақтандыру үшін өкілетті органдар кесте құрып, оған сәйкес әр кәсіпкерге бақылау жүргізілмек, деп атап өтті ол.
«Облыстың барлық ЖЖҚБ-ларында баға аяқ астынан көтеріліп кетті. Автобустар желіге шықпай қойды деген шағымдар болды, бірақ бүгін іс жүзінде бүкіл автобустар штаттық режімде жұмыс істеді. Бүгінде «ҚазМұнайГаз» сатылым нарығының 35%-ын алып отыр және газдың ең төмен бағасын ұстауда – Ақтауда Т37 және Жаңаөзенде Т35. Вагондар «ҚазМұнайГазға» келіп жетті және түстен кейін олар оны емін-еркін сатты. Бірінші кезекте жанармайды сұйытылған газбен қамтамасыз етіліп, жолақы артуына байланысты дүрлікпе болмауы үшін бағыттық автобустар алады», - деп атап көрсетті басқарма басшысы.
«ҚазГӨЗ» зауытының қуаттылығы жыл сайын 300-350 тонна жанармай тиеліміне шақталған. Жол полициясы басқармасының мәліметіне сәйкес, өңірде 189 мың автокөлік тіркелген. Олардың 99 мыңы сұйытылған газбен жүреді, оны сатумен облыста 145 жанармай құятын бекеттеріне ие 126 жеке кәсіпкер айналысады.
Дереккөз: ҚазТАГ