Атырау, 19 желтоқсан 11:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Украинада концерт берген Макаревич “сатқын” атанды». «Лондон соты Әбілязовты “счетчикке” іліп қойды».«Қазақстанға оралмандар ретінде ұйғырлар кіріп жатыр».«Бізде қай министр қызтеке, қай депутат лесбианка?».«Құлады мұнай бағасы, Артында АҚШ тұр, шамасы!»

2 149 просмотра

AZATTYQ. ORG      «Рысқұлов халқы жанармай вагондарынан қорқып отыр» - Ресейлік «Роснефть» компаниясының мұнай өнімдері құйылған бірнеше жүз вагон-цистерна төрт айдан бері Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы теміржол бекеттерінде тұр. 

«Ата-аналар Шымкент түрмесіндегі қысым жайлы шағымданды» - Шымкент колониясында жазасын өтеп жатқан балаларымен кездескен ата-аналар түрмеде ұлдарын «қинап, қысым жасалатынын» айтады.

«Несие хикаясы офицерге коррупция айыбы болып жабысты» - Әскери бөлім командирі «біреудің несиесін тартып алған» деген айыппен сотталды. Судья қорғаныс министрлігі басшылығын «коррупцияның алдын алу жұмысында олқылықтар жіберген» деп жазғырды.

«Украинада концерт берген Макаревич “сатқын” атанды» - Ресейлік белгілі рок музыкант өткен аптада Шығыс Украинаға барып, босқын балаларға концерт қойды. Мәскеудегі депутаттар оны осы әрекеті үшін мемлекеттік атақтарынан айыру керек деп санайды.

SERKE.ORG.  «Лондон соты Әбілязовты “счетчикке” іліп қойды» - Француз түрмесінде жатқан БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовтың Лондон соттары алдындағы қарызы күн санап өсіп жатыр. Қазір оның қарызы 500 мың фунт стерлингке ( 800 мың доллар) жеткен.

QAZAQUNI.KZ     «Қазақстанға оралмандар ретінде ұйғырлар кіріп жатыр» - Қазақстанға этникалық қазақтар ретінде тіркеліп, Қытайдан ұйғырлар ағылып келуде.

«Кез келген тиранға ең басты жау – жазушы» - Сезімсіз адам ғана жазушыға мұқтаж болмайды.

SHYN.KZ     «Бізде қай министр қызтеке, қай депутат лесбианка?» - Жастарымыздың арасында азғындықтың етек алып бара жатқанын айтудай-ақ айтып, жазудай-ақ жазып келеміз. Ұлымыздан намыс, қызымыздан ұят кетті. Ақыры қазақ арасында қызтекелер мен еркекшоралар ашық ойнақ сала бастады.

NAMYS.KZ   «Қазақ асабаларының басындағы орыстың миы» - Қазіргі той-томалақтардан байқап жүрміз, асабалардың қуанышқа жиналған жұртқа ұсынып жүрген ойындары әдепсіздікке толы, шектен шығып жатады.

«Геймер сіздің үйіңізде де болуы мүмкін» - «Геймер» деген кім? Біріншіден осыған тоқталайық. Геймер ағылшынша «гэйм» сөзінен шыққан. Қазақша баламасы «ойын». Ал, «геймер» «виртуалды ойыншы» мағынасын береді. Яғни компьютерлік ойынға тәуелді кісілер.

AIKYN.KZ   «Құлады мұнай бағасы, Артында АҚШ тұр, шамасы!» - Кім қалай айтса да, мұнай бағасының көбесі сөгілді. Енді тек мұнай мен газға сүйеніп отырған мемлекеттердің жағдайы ақырындап төмендей бастамақ. Бәлкім, мұның арты әлемдік дағдарысқа да алып келуі мүмкін.

«Білімнің құны қанша тұрады?» - Биыл 90 мыңнан астам мектеп бітіруші ұлттық бірыңғай тест сынағынан өтті. Соның 34 мыңнан астамы мемлекеттік грантқа ие болғанын біліп отырмыз.

20 тамыз 2014, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.