Атырау, 2 қазан 11:39
 ашықВ Атырау +25
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Жүйкесі жұқарған

2 334 просмотра

Базардағы саудагер мен сатып алушының арасындағы жанжал қылмыстық жазамен аяқталды.

Атырау қалалық №2 сотында қаралған қылмыстық іс материалдарынан мәлім болғандай, әйелдер арасындағы жанжал «Дина» базарында сатып алушының абайсызда сатушының тауарын қағып кеткен кезде орын алған. Келтірілген шығынды өтеуді сұраған сатушы «айыпты» әйелден 2 000 теңге талап еткен. Сатып алушы кешірім сұрап, талап етілген соманың тек жартысын ғана қайтарған және тауарды абайсызда қағып кеткенін түсіндірген.

Сол кезде сатушы қалған соманы тартып алуды шешті. Сатып алушының қолдарын бұрап, көмекке өзінің қызын шақырған. Ол екеуі құрбанына жұдырықпен бірнеше соққы жасаған, күшпен ақшасын тартып алып, кейін төбелес барысында сынып қалған біреуінің сағатының құнын төлету үшін тағы 2 000 теңге талап ете бастаған. Жапа шегуші өзінің анасына телефон шалып, таныстарынан ақша беріп жіберуін өтінген, ақшаны алғаннан кейін ызалы сатушыға берген. Кейін әйел полицияға өзін жәбірлеген әйелдерді тауып, жазасын беруді өтінген шағым түсірді. Екі әйел  - анасы мен қызы сот алдына келді.

Сот отырысында айыпталушылар өздерінің кінәсін толық мойындап, тағылған айыптармен келісті. Сатушы жанжал туындаған кезде ашу қысқанын, сол себепті өз ісіне жауап бермегенін айтты. Анасы да, қызы да істің сотқа дейін жететінін ойламаған. Екеуі де жапа шегушіден кешірім сұрап, ақшасын қайтарды.

Атырау қалалық №2 соттың үкімі бойынша сотталушылар ҚР ҚК 327 бабы, 3 тармағы бойынша айыпты деп танылып, оларға екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы ҚР ҚК 36 бабын қолдану бойынша (бұл жағдайда жаза шартты болып саналады және бір жылға азайтылады) кесілді.

Тамара СУХОМЛИНОВА

19 тамыз 2014, 17:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.