Атырау, 23 қараша 12:16
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Сіздерді жыл аяғына дейін көшіреді»

2 234 просмотра

- Су жоқ, кәріз жүйесі жоқ, газ да жоқ... Электр энергиясында үнемі ақаулар. Мен тек уәде етілген жаңа баспананы алсам деймін, ең болмаса, жағдайы дұрыс жерде өлейін, - дейді Бақыт НИЯЗБЕКОВА. Жалғызбасты әйелдің жасы 81-де, ол 25 жылдан артық уақыттан бері жалғыз өзі Баймұханов, 39 мекенжайындағы теміржолшылар жатақханасында тұрады.

Дәлірек айтсақ – құлауға шақ тұрған жатақхананың басқа тұрғындары сияқты, әйтеуір, күн көруде. Есік-терезесіз бос қалған пәтерлердің бірін мысық пен ит жаулап алған, толған дорбалар мен қораптарда құжынаған құрттар. Подъезд іші қараңғы әрі дымқыл тартып кеткен, иісінен кіруге жүрексінесің.

- 26-пәтерде бір үлкен адам қайтыс болды. Жалғыз өзі тұратын, сондықтан оның жағдайын ешкім байқамады. Есікті ашқанда мәйіт шіріп  кеткен екен. Пәтердің ішіне тазалық жұмыстарын ешкім жүргізген жоқ,- дейді тұрғындар.

Көлемі 12-ден 17 шаршы метр болатын кейбір бөлмелерде 10 адамнан тұрады, бір қабырғадан екінші қабырғаға дейін еденде ұйықтайды. Дәрет сындыру үшін шелекті пайдаланады, шылапшынға жуынады, сосын оның бәрін көшеге төгеді. Сымдар жүйесі жамау-жамау, 2012 жылы жатақханада үлкен өрт орын алды. Суды күніне екі рет су таситын көлік әкеледі.

- Бұл жерде пәтер жалдаушылар жоқ, барлығы да пәтер иелері. Бізге бұл үйді күреуді бірнеше жыл бұрын уәде еткен. 2013 жылы тұрғындардың бір бөлігі жаңа баспана алды, ал, біз қалып қойдық. Бұрынғы қала әкімі Серік АЙДАРБЕКОВТЫҢ кезінде күрелуге кететін үйлердің тізімі жасақталған болатын, сонда біздің жатақхана 2014 жылғы тізімде бірінші болып тұрған. Мамырда деген, одан кейін маусым деді, шілде деді... Міне, тамыз да аяқталып қалды,- деп шағымданады үй тұрғыны, І топ мүгедегі Жамал БИСЕНҒАЛИЕВА.

Қала әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВТЫҢжауабы қысқа әрі нақты болды: жыл соңына дейін әкімдік оларға жаңа баспана береді. Үмітіңізді үзбеңіз.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

19 тамыз 2014, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.