Фото: navy.milАлматы. 19 тамыз. ҚазТАГ – Пентагон сириялық химиялық қарудың жойылғандығы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ВВС.
Агенттіктің ақпарынша, Жерорта теңізіндегі американдық әскери кемеде сириялық химиялық қару арсеналдары жойылды.
«Жаппай қырып-жою қаруын таратуды тоқтату жөніндегі күш-жігерлер сириялық химқару қорларын жоюға әкелді», - деген Б. Обаманың дәйексөздерін келтіреді ВВС.
Ол сондай-ақ дәл осындай түрдегі қарулардың таралуына алдағы уақытта халықаралық қауымдастықтың жол бермейтінін қоса айтты.
Еске сала кетейік, маусым айында химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық ұйым Сирия тарапынан декларацияланған химиялық қарудың соңғы партиясы жойылу үшін елден шығарылды деп хабарлаған.
Дереккөз: ҚазТАГ