18 тамызда Қазақстандағы APEC Petrotechnic әлемдік деңгейдегі жалғыз колледжінде жаңа оқу жылы басталды.
Биыл беделді оқу орнына 300 студент оқуға түсті.
Бұл мұнайшылар даярлау орталығы аудан және Қазақстанның басқа қалаларынан келген студенттерге арналған жатақханасымен, қазіргі заманғы жабдықтарымен жарақталған шеберханалар және зертханалармен қамтамасыз етілген. Колледждегі оқулар Солтүстік Американың ұстаздарының канадалық моделібойынша ағылшын тілінде өтеді.
Колледж директоры Ермек КҮЗЕНБАЕВ айтып өткендей, қабылдау емтихандары екі кезеңмен өткен:
– Бірінші кезең – онлайн режиміндегі тестілеу, оған барлық тілек білдіргендер қатысуға мүмкіндік алды. Одан өткендер кешенді тестілеуге шақырылды. Айтпақшы, талапкерлердің қазақстандық ҰБТ-да жинаған баллдары есепке алынған жоқ.
Колледждің бірінші курсының негізгі бөлігін мектеп түлектері құрап отыр, бірақ, арасында бұрынғы студенттер мен тіпті басқа колледж бен жоғары оқу орындарының түлектері де бар. Осы жылы колледжге түскен 300 адамның екі жүзден астамы Атырау және облыс тұрғындары. Қалған студентер Орал, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент және Астанадан келгендер.
Тамара СУХОМЛИНОВА