Атырау, 19 желтоқсан 10:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Жер сілкінісі: Алматы зілзала үрейінен арыла ала ма?». «Алтын өндірісіндегі алпауыттарға бақылау қажет». «Қырым дағдарысының басты себебі – Ресейдегі жемқорлық». «Қазақты қараңғылыққа итермелегісі келе ме?». «Қазақстан экономикасына еркіндік жетіспейді».

2 324 просмотра

ALASHAINASY.KZ    «Жер сілкінісі: Алматы зілзала үрейінен арыла ала ма?» -Тамыздың 16-сы күні таңғы сағат 3:43-те Алматыда жер сілкінді. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметіне сүйенсек (EMSC), жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан 40 шақырым шығысқа қарай, Талғар қаласынан 25 шақырым қашықтықта тіркеліпті. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ.

«Алтын өндірісіндегі алпауыттарға бақылау қажет» - Кешелі бері АҚШ-тың «Spectral Capital Corp» компаниясы Қазақстан территориясындағы ірі алтынмыс кен орнын игеру жобасының пайыздық үлесін арттырғаны бізге белгілі болды.

«Қырым дағдарысының басты себебі – Ресейдегі жемқорлық» - «Алаш айнасы» басылымы бүгін әлем назары ауып отырған геосаяси мәселе - Ресей-Украина қарым-қатынасына қатысты ресейлік қоғамның көзқарасын қаз-қалпында беруді жалғастырады.

«Ұлттық саябақтың "жоңғар" сөзімен аталуы ұлттық намысымызға тимей ме?» - «Жер жанаты – Жетісу» және «Жер ұйығы – Жетісу» деп аталатын өлкедегі кейбір жер-су атаулары ертедегі шетел саяхатшыларының жазуы бойынша қалмақ немесе моңғол тілінде аталып, картаға түскендігі белгілі. Еліміз Тәуелсіздік алған соң мұндай жер-су атаулары өзінің ежелгі тарихи атауларына өзгертіліп, қайта қалпына келтіріліп жатыр.

«Сириядағы қазақтар: қасиетті соғысқа үндеу» - Мүдделі топтардың ықпалымен Әл-Фурқан және Әл-Хайат студиялары дайындаған бейнежазбалар еліміздегі радикалды ілімнің жетегінде кеткен жастардың көзқарастарына әсер етуде және бейне нашидтер кеңінен таралуда. Мәселен, «Вконтакте» парақшаларының бірінде жарық көрген видеоны бірнеше күнде 500-ге жуық адам көріп үлгерген.

AIKYN.KZ   «Қазақты қараңғылыққа итермелегісі келе ме?» - Вице-министрдің «Мемлекет тегін оқулықпен қамтамасыз етуге міндетті емес» дегені қай сасқаны?

«Осал тұсымыз – сол тұс…» - Сөз зергері Ғабаң – Ғабит Мүсірепов біздің оңтүстік, солтүстік деп жүргендеріміздің түбірінде «оң тұстық», «сол тұстық» деген ұғымдардың жатқанын шегелеп бір айтқаны бар еді.

TURKYSTAN.KZ    «Үркін» - Қырғызстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі қырғыздардың «үркіп», көрші Қытай жеріне үдере көшуімен аяқталған.

«Памирді талай қазақ қылған мекен» -  Олар туралы айтыла бермейтіні өкінішті. Тәжік-Қазақ достық қоғамының төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор Абдусаттар Нуралиев Тәжікстандағы қазақтардың қоныстану, көшіп-қону тарихына талдау жасап, бізге беймәлім деректерді, материалдарды оқырманға ұсынған.

«Қазақстан экономикасына еркіндік жетіспейді» - Билікке сенсек, еліміздің экономикалық өсімі жоғары. Ал Дүниежүзілік банк Қазақстан көрсеткішін мүлде басқаша бағалаған.

AZATTYQ. ORG       «Ақтауда кей репатриант оралман атана алмай жүр» -Маңғыстаудағы оралмандар үкіметтің наурызда қабылдаған 248-қаулысынан көрген қиындықтарына енді бюрократизм қосылғанын айтады.

«Азаттық материалдарының блокталуы жиіледі» - Жыл басынан бері үш мәрте қайталанған бұғатталу себебін кейбір IT мамандар провайдерден көреді. Ал «Қазақтелеком» ақаудың «өздерінен емес» екенін айтады.

  

19 тамыз 2014, 08:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.