Қазгидромет орталығының деректері бойынша, Атырауда ыстық ауа райы тамыздың аяғына дейін созылмақшы.
Қазгидрометтің ұзақ мерзімге болжам жасау басқармасы хабарлағандай, Атырауда ыстық 26 тамызға дейін сақталады. 26-сынан кейін, циклонның жақындауына байланысты, ыстық басылып, қысқа мерзімді жауын жауып, найзағай ойнайды. Ауа райының тұрақсыздығы 29 тамызға дейін созылып, 28-30 градус жылы болады деп күтілуде. 30 және 31 тамыз күндері күн ашық болады.
Қыркүйек айы да ыстық және құрғақ болады деп күтілуде. Алдын ала жасалған болжамдар бойынша, орташа ауа температурасы нормадан 1 градус жоғары – орташа алғанда 18-19 градус жылы болмақ. Жайдарлы жаз (бабье лето) ай бойына созылады. Кей жерлерде салқындағанмен, жауын-шашын аз болады.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА