Атырау, 24 қараша 20:46
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Андрей Макаревич: Мен арымды сот алдында ақтай аламын

1 723 просмотра

РФ Мемдумасының депутаттары Украинада концерт бергені үшін айыптаған «Машина времени» тобының солисті Андрей Макаревич қараланған арын сот алдында ақтауға дайын екенін мәлім етті, деп хабарлайды РИА Новости.

 Бұған дейін «Единая Россия» партиясынан сайланған депутат Евшений Федоров Донецк облысында концерт бергені үшін әнші әрі сазгер Андрей Макаревичті барлық мемлекеттік атақтары мен «Отан алдындағы еңбегі үшін» орденінен айыруды ұсынған еді. Себебі ел ағалары әншінің әрекетінен антиресейлік мазмұнды аңғарған.

«Мені қолайсыз жағдайға қалдырып отыр. Мен өзімнің түйе емес екенімді дәлелдеуім керек, ал мен түйе емеспін. Жігіттер сарыжағал басылымда жарияланған сенімсіз ақпаратты әдейі пайдаланып отыр, онда мен Славянскте Украина содырларының алдында концерт бердім деп жазылған. Ал шындығында, мен Словянскке емес, Украина еріктілері қорының шақыртуымен Донецк пен Лугансктен қашқан балалар үшін Святогорск шіркеуіне барып концерт берген едім және оны тиісті құжаттармен растай аламын. Егер бұл арсыздық жалғаса берсе, мен музыканы тастап, сот арасында жүгіруіме тура келеді», - деді А.Макаревич агенттік тілшісіне берген сұхбатында.

Бұған дейін бірқатар БАҚ Макаревичтің Президент атына ашық хат жолдап, онда Қырымның РФ құрамына кіруін ашық сынағанын хабарлаған болатын. Музыканттың бұл әрекеті қоғамның наразылығын тудырды-мыс.  

Дереккөз: bnews.kz

18 тамыз 2014, 15:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.