Мәскеуде ер адам аңшы мылтығынан Түркия елшілігінің ғимаратына оқ жаудырды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС қаланың құқық қорғау органдарына сілтеме жасап хабарлайды.
«Белгісіз ер адам аңшылық қосауыз мылтықтан Түркия елшілігінің ғимаратына оқ атты. Қазір ол қоға түсті. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ», - деп мәлім етті агенттік дереккөзі.
Бұзақы полиция бөліміне жеткізілді.
Мәскеу полициясының баспасөз қызметі оқиғаның болғанын растап отыр.
«Азамат елшіліктің маңдайшасына қосауыз мылтықтан оқ атқан. Ол қолға түсті. Аталған оқиға бойынша тергеу жүргізіліп, соның нәтижесіне сәйкес бұзақыға қатысты процессуалдық шешім шығарылады», - деп хабарлады полициядан.
Дереккөз: bnews.kz