Атырау, 24 қараша 21:02
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Полиция шерушілерді түтінді гранаталармен қуды

1 269 просмотра

Фергюсондағы полиция күші тәртіп орнатуға жетіспеуде.Фергюсондағы полиция күші тәртіп орнатуға жетіспеуде.АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Фергюсон қаласындағы (Миссури штаты) тәртіпсіздіктер дүйсенбіге қараған түнде жаңа серпінмен өрбіді. Reuters-тің хабарлауынша, шерушілерді тарқату үшін полиция түтінді гранаталарды қолданған.

Агенттіктің хабарлауынша, қала көшелеріне 400-ден астам адам шыққан, олардың арасында әйелдер мен балалар да бар. Олар тәртіп сақшыларына Молотов коктейльдерін лақтырып, тіпті ішінара атыс қаруын да қолданған. Осыдан кейін полиция түтінді гранаталардың көмегімен шерушілерді сабасына түсірді.

Жаппай тәртіпсіздіктердің бір қатысушысы оқ жарақатын алды, деп жазады The Los Angeles Times. Басылымның мәліметінше, полицейлер оған көмек көрсету үшін қасына тоқтаған кезде, олардың автокөлігін белгісіз біреулер атқылаған.

Бұдан бұрын жазғанымыздай, Фергюсонның шетіндегі Сент-Луис қаламаңында енгізілген команданттық сағаттағы бір күнге ұзартылатын болды.

Айта кетейік, тәртіпсіздіктер бұл елді мекенде полиция қызметкері 18 жасар Майкл Браун есімді қара нәсілді жасөспірімді атып өлтіріп тастауына байланысты 9 тамыздан бері жалғасып жатыр. Полицияның мәліметінше, ол полиция көлігінің ішінде жанжал шығарып, төбелес кезінде атылған болатын. Ал куәгерлердің айтуынша, Браунда ешқандай қару болған жоқ және ол қолын көтеріп тұрған кезде атылған. Осы оқиғадан кейін халқының 70 пайызын афроамерикандықтар құрайтын қалашықта жаппай наразылық шаралары күшейіп кеткен болатын.

Осы оқиғаға байланысты 16 тамызда Миссури штатының губернаторы Джей Никсон төтенше жағдай туралы мәлімдеп, коменданттық сағат енгізген. Ал АҚШ Президенті Барак Обама Әділет министрлігі мен ФТБ-ге жасөспірімнің өлімін тергеуге тапсырма берді.

Дереккөз: inform.kz

18 тамыз 2014, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.