Атырау, 24 қараша 19:48
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бразилиялық социалистер қайтыс болған президенттікке үміткерді алмастыратын адамды тапты

1 114 просмотра
Марина СилваМарина СилваАСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияның алдағы президентік сайлауына үміткерінен айырылған социалистік партияның көшбасшылары жаңа үміткерді таңдады. Бұл туралы Associated Press-ке сілтеме жасай отырып, lenta.ru хабарлады.

Ұшақ апатынан қаза тапқан Эдуард Кампуштың орнына елдің бұрынғы қоршаған ортаны қорғау министрі Марина Силва (Marina Silva) келді.

56 жастағы Силва социалистерге аз уақыт бұрын, дәлірек айтсақ 2013 жылы қосылған болатын. Ол кезде оған өз партиясын құруға аздаған ғана дауыс жетпей қалған. Дегенмен оның қолдаушылары көп, саясаткер әйел 2010 жылғы сайлау кезінде сайлаушылардың 20 пайыз дауысын жинаған еді.

Айта кетейік, Кампуш пен оның 6 серігі Сантос қаласының маңында Cessna 560XL жекеменшік ұшағының апатқа ұшырауынан мерт болды. Бразилия Президенті Дилма Русеф осы оқиғаға байланысты үш күндік аза тұту жариялап, өзінің сайлауалды науқанын тоқтата тұрды.

Кейбір деректерге қарағанда, вице-президенттікке үміткер ретінде Кампушпен бірге ұшу керек болған Силва дәл соңғы уақытта сапарға аттанбай қалған.

49 жастағы Кампуш  2014 жылдың 4 қазанында өтетін президенттік сайлауға жан-жақты дайындықта еді. Әлеуметтік сауалнамалар бойынша ол президенттікке үміткерлердің қаарында үшінші сатыда келе жатқан. Оны барлық сайлаушылардың 10 пайызы қолдады.

Дереккөз: inform.kz

 
 
18 тамыз 2014, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.