13 тамыз күні кешке Махамбет ауданында су таситын көліктің жүргізушісі жоғары кернеулі тоқ соғып, қайтыс болды. Жазатайым оқиға «АИС» ЖШС медігерлік мекеменің учаскесіндегі Жайықтан өтетін жаңа көпір құрылысының басында орын алған.
Марқұм осы ЖШС-те жұмыс істеген Атырау облысы Ганюшкино селосының 35 жастағы тұрғыны болатын. Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Әділбек ЗАЙДУЛЛИННІҢ айтуынша, көлік топырақ үйіндісінің үстіне шыға бергенде жоғары вольтты желіге тиіп кеткен.
Жүргізуші дереу ауруханаға жеткізілгенімен оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА