Фото: ReutersАСТАНА. ҚазАқпарат - Француз астанасында сауд ханзадасының кортежіне қарулы шабул жасалды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Қаскөйлер 250 мың еуро қолма-қол ақшаны жымқырған және автомобильді тартып алған. Бұл туралы бүгін BFM-TV телеарнасы жария етті. Саудтық король отбасының қай мүшесі жөнінде әңгіме болып отырғандығы айтылмаған.
Телеарнаның ақпаратына қарағанда, оқиға қаладан шығар жерде болған. Сауд Арабиясы елшілігінің автомобиліне автоматпен қаруланған бірнеше адам шабуыл жасаған. Ақшадан басқа олар дипломатиялық миссияның құжаттарын және ханзаданың жеке заттарын алып кеткен. Полицияның хабарлауынша, қару қолданылмаған, зардап шеккендер жоқ. Шабуыл жасағандар із жасырған. Оқиғаны тексеру амалдары басталды.
Париждің солтүстік шеті арқылы Руасси-Шарль-де және Ле-Бурже әуежайларын жалғастыратын күрежол өтеді, бұл жерде бұдан бұрын да осындай аты-шулы оқиғалар болған.
Дереккөз: inform.kz