Берлиндегі кездесуге қатысушылар.АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинадағы жағдай бойынша Ресей, Германия, Франция және Украинаның сыртқы істер министрлерінің Берлинде өткен келіссөздері күрделі болды, деп мәлім етті ГФР СІМ Франк-Вальтер Штайнмайер.
«Бірнеше сағат бойы келіссөздер жүргіздік. Барлығы ашық сөйлесті, ауыр тақырыптар қозғалды. Бірақ бірқатар мәселелер бойынша алға жылжыдық деп үміттенемін», - деді Штайнмайер, деп жазды РИА Новости.
Германия СІМ басшысының сөзіне қарағандай бұл келіссөздер қазіргі күрделі кезеңде өте қажет болды.
«Келіссөздер мақсаты Украинадағы қақтығыстарды тоқтату үшін қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану болып қала берді», - деп атап өтті министр.
Еске сала кетейік, бұл Сергей Лавров, Франк-Вальтер Штайнмайер, Лоран Фабиус және Павел Климкиннің екінші рет кездесуі. Осыған дейін олар 2 шілдеде Берлинде кездескен. Екі сағатқа созылған келіссөздер нәтижесінде бірыңғай декларация қабылданды, онда тараптар Украинада бейбітшілікке қол жеткізу міндеттерін қабылдады.
Дереккөз: inform.kz