ALASHAINASY.KZ «Сақау жарнама, самарқау қожайын» - Қазіргі кезде кейбір мекеме, ұжымның, кәсіпкерлердің көрнекі ақпарат, жарнама атауларының жазылуында көптеген көз сүріндірер кемшіліктерді байқаймыз.
AIKYN.KZ «Иіні мықты ипотека» - Қайтарылмай қалған ипотекалық несиенің біздің қоғам үшін №1 проблема болып келе жатқанына 10 жылға таяп қалды.
«Әбігерге түскен әлем» - Саясатта әлімсақтан белгілі бір нәрсе бар: алпауыт елдің басшылары өз мүддесі үшін әлсізді қақпақыл етеді. Украинадағы жағдай осыны меңзейді.
AZATTYQ. ORG «Сепаратистер қатары сиреп барады» - Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистердің танымал көсемдері біртіндеп кетіп, олардың орнын жұртқа белгісіз жергілікті адамдар басып жатыр. Кеткендердің кейбірі Мәскеуден шықса, кейбірі ізім-қайым жоғалған.
«Оппозициядан билікшілге айналған әсіреұлтшыл газет» - Ресейдің саяси өмірінде ондаған жылдар бойы елеусіз қалып келген әсіреұлтшыл «Завтра» газеті Украина дағдарысы басталғалы бері көлеңкеден шығып, өзін таныта бастады.
«Стрелковтың “жараланғаны” сепаратистерді алаңдатты» - Шығыс Украинадағы сепаратистердің ақпарат агенттігі бүлікшілер командирі Игорь Стрелковтың ауыр жараланғанын хабарлаған еді. Бірақ басқалары бұл деректі терістейді.
«Олимпиадаға қарсылар интернетте қол жинай бастады» - 2022 жылғы Қысқы олимпиаданың Алматыда өтуіне қарсы азаматтар оған кететін қаржыны әлеуметтік салаға жұмсаған жөн деп санайды. Ал шенеуніктер «олимпиада қаланы көркейтуге сеп болатынын» айтады.
ABAI.KZ «Қытай – темір ноқта, орыс – қайыс ноқта» - Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмәділ ағамыздың жиын тойларда «Қытай - темір ноқта, орыс - қайыс ноқта» дегенін көп естіп едім.
SKIFNEWS.KZ «Сіз министр болсаңыз, ол – король!» - Кешегі аптаның соңғы үш күнінде Шымкент аспаны ұдайы Шәмші әндерімен тербеліп тұрды. Ұлы композитордың туған күніне орайластырылып жыл сайын өткізілетін ән байқауы бұл жолы да ел ішінде жүрген талай талантты ұл-қыздың жұлдызын жақты.
ULT.KZ «Сириядағы қазақтар: қасиетті соғысқа үндеу» - Мүдделі топтардың ықпалымен Әл-Фурқан және Әл-Хайат студиялары дайындаған бейнежазбалар еліміздегі радикалды ілімнің жетегінде кеткен жастардың көзқарастарына әсер етуде және бейне нашидтер кеңінен таралуда.
QAMSHY.KZ «10 дәлел: Ресей мүддесін қорғайтын адам не үшін Қазақ елінің министрі болады?» - Владимир Школьник осы уақытқа дейін Ресей Федерациясының немесе сол елдің жекелеген компанияларының мүддесін қорғау ісімен бірнеше рет көзге түскен адам.
«Путин ешқашан Сталин бола алмайды» - Кезінде Сталиннің Шығыс Түркістан Республикасына (Шыңжаңда) істеген саяси ойынын, дәл қазір Путин Украинаға істеп отыр десем, қателеспеймін.
JAQSY.KZ «Кредиттің 16 кесірі» - Дүние есігін енді ашқан сәбиден бастап «төрімнен көрім жақын» деп отыратын ата-әжелерімізге дейін есепке алғанда, әрбір үшінші қазақстандық кредит ұйығында. Жақсы, ойбуй, жаман делік, енді оның қандай кесірлері бар екен? Санайық!