Атырау, 24 қараша 19:35
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украина Ресейдің "гуманитарлық жүгін" тексереді

1 450 просмотра

Ресейлік көлік жүргізушілері журналистерге гуманитарлық жүкті көрсетіп жатыр.Ресейлік көлік жүргізушілері журналистерге гуманитарлық жүкті көрсетіп жатыр.Украинаның Мемлекеттік шекара қызметінің өкілдері мен кеденшілер Ресейден әкелінген гуманитарлық жүктерді тексеріп жатыр.

Украинаның шығысындағы әскери операциялар баспасөз орталығының Facebook әлеуметтік желісінде хабарлауынша, жүкті кедендік рәсімдеуден және тексеруден өткізу Ресейдің "Донецк" пунктінде жүргізіліп жатыр. Украина жағындағы "Изварино" бекетін сепаратистер бақылайды. Тексеру және рәсімдеу жұмыстарына Украина жағынан 41 шекарашы мен 18 кеденші қатысып жатыр. Алдын-ала жасалған келісім бойынша, жүк Луганскіге барады. Бұған дейін жүкті рәсімдеуге ЕҚЫҰ өкілдері қатысады, ал жүкті Халықаралық Қызыл Крест комитеті қабылдап алады деген ақпарат шыққан.

Жүкті алып жүрген Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері тексеру кезінде көліктегі жүктерді көрсету үшін БАҚ өкілдерін де шақырған.

Украинаның шығысына арналған гуманитарлық көмек тиелген 280 "Камаз" жүк көлігінен тұратын автоколонна 12 тамыз күні Мәскеу түбінен жолға шыққан еді. Украина билігі мен Батыс елдері Ресей гуманитарлық жүк жеткізуді Украинаға әскери басқыншылық жасау үшін пайдалануы мүмкін деп қауіптенеді. Бірақ Мәскеу мұны жоққа шығарады.

Дереккөз: azattyq.org

15 тамыз 2014, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.