Атырау, 27 қараша 13:35
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жағажайдағы ажал

2 085 просмотра

14 тамыз күні кешкі уақытта «Атырау» ДСК маңындағы қалалық жағажайда Исатай ауданында тұратын 19 жастағы қыз суға кетті.  

Облыстық су-құтқару станциясының қызметкерлері айтқандай, осы уақытта Жайықта жас қыздар көңіл көтеріп жүрген. Өзен үстінде кезекшілікте жүрген құтқарушылар негізгі топтан қалып бара жатқан біреуін байқап қалады, ол суға батып бара жатыр екен. Құтқарушылар тез арада оны құтқарып, жағаға шығарды. Жасанды дем беріп, жұтқан суы шығарылғаннан кейін қыз досы екеуі жарға түсіп кеткендерін, дос қызының суға батып кеткені туралы айтты. 

Құтқарушылар көрсетілген жерден сүңгіп іздегенмен, еш нәтиже болмады. Суға кеткен қыздың денесін 15-20 минуттан кейін келген сүңгуірлер тауып алды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

15 тамыз 2014, 17:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.