Астана. 15 тамыз. Baq.kz – Тибет ауылдарының бірінде жергілікті көсем қамауға алынғаннан кейін тұрғындар наразылық шараларын ұйымдастырды. Ереуілді басуға келген тәртіп сақшылары қару қолданып, салдарынан он адам ауыр жараланған деп хабарлайды BBC News.
Қытай белсенділері мен журналистерінің хабарлауынша, полиция өкілдері қаруды ескерту ретінде аспанға емес, адамдарға қарата әдейі атқан. Оқиға Сычуань провинциясындағы Гардзе-Тибет автономды аймағында орын алған.
Салдарынан бірнеше адам қамауға алынып, тағы біразы оқиға орнын тастап қашып кеткен. Билік өкілдері бұл жайтқа қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Дереккөз: baq.kz