Фото ©AFPНигериялық ғалымдар адам өміріне аса қауіпті Эбола безгек ауруына қарсы өздерінің жеке дәрісін жасап шығарды, деп хабарлайды РИА Новости.
Нигерия денсаулық сақтау министрі Оньебучи Чукву (Onyebuchi Chukwu) атап өткеніндей, ол дәріге Nanosilver ("Нанокүміс") атауы берілген. Агенттік Нигерияда осы күнге дейін Эбола дерін жұқтыруға қатысты 11 дерек тіркелген, ал бұл Батыс Африкадағы басқа мемлекеттер ішіндегі ең төменгі көрсеткіш екенін мәлімдеп отыр.
Жалпы алғанда Батыс Африкада Эбола ауруынан 1069 адам қайтыс болса, екі мыңға жуық адамның дертті жұқтырғаны белгілі болып отыр. Аурудың бұл түрі Африка елдерінде кең таралғанға дейін тұрғындары емдеу тәсілі де, оған қарсы егілетін вакцинада жоқ болатын. Алайда жуырда АҚШ пен Канада елінің дәрі-дәрмек өндірушілері нақ осы дерттің бетін қайтаратын вакцина ойлап тапқанын мәлім еткен еді. Дүниежүзілік денсаулықтау ұйымының өкілдері болса жергілікті ғалымдар ойлап тапқан дәріні қолдану әдепке қарсы келмейтінін айтып отыр.
Геморрагиялық Эбола безгек ауруы - адам өміріне аса қауіпті, қан арқылы да, науқас адам қолданған заттар арқылы да басқа адамдарға жұғады.
Дереккөз: tengrinews.kz