Атырау, 24 қараша 19:43
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қырғызстанда мұсылмандардың құнды қағазы - сукуки шығарыла бастайды

1 990 просмотра

Алматы. 15 тамыз. ҚазТАГ - Қырғызстанда мұсылмандардың құнды қағазы шығарыла бастайды, деп хабарлады ҚырТАГ.

«Соңғы 2 жылда республиканың қаржы нарығында құнды қағаздар көлемі екі есе ұлғайып, 10% құрады. Бағалы қағаздардың жаңа түрлері пайда болды: ипотекалық бағалы қағаздар, тұрғын үй сертификаты, мұсылмандардың құнды қағазы - сукукиді шығарумен айналысып жатырмыз», - деді жұмада қаржы нарығын реттеу және бақылау мемлекеттік қызметтің төрағасы Юруслан Тойчубеков.

Оның айтуынша, сукукидің қағидасы олар пайыз алмайды, тек табысқа қатысады. Сукуктар ҚР үшін өте тиімді, себебі олар арзан және шетелдік инвесторлар қомақты қаржымен келеді.

«Дамыған елдерде бағалы қағаздардың үлесі 60%-ға дейін жетеді, себебі әр кәсіпорын оларды шығарады, бізде болса нарық дамып келеді», - деп атап өтті ол.

Сукукидің бірінші эмиссиясының күні әлі хабарланбады. 

Дереккөз: ҚазТАГ

15 тамыз 2014, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.