Атырау, 8 сәуір 20:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 460.37
€ 531.87
₽ 5.82

Нури аль-Маликидің отставкаға кетуі Ирактағы ішкі саяси ахуалдың реттелуін тездетеді - Пан Ги Мун

1 534 рет қаралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Ирактың Премьер-министрі Нури аль-Маликидің отставкаға кету туралы шешіміне қолдау танытты, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

«Оның  белгіленген тәртіпке сәйкес, биліктен кетуі ел үшін жасалған қадам, Ирактың ішкі саяси дағдарыстан шығуына жол ашады», -деді Пан Ги Мун.  11 тамыз күні Ирак президенті Фуад Маасум парламенттің вице-спикері Хейдар аль-Абадиға Үкімет кабинетін құруды тапсырған болатын. Конституцияға сәйкес, жаңа үкімет 30 күннің ішінде құрылуы керек. Бірақ, бұған Нури аль-Малики басынан қарсы болып, аль-Абадидің премьер болуын қолдамаған. Алайда, кеше ол өзінің отставкаға кететінін жариялады. Сонымен қатар, жаңа үкіметке қолдау білдірді, делінген мақалада.

Дереккөз: inform.kz

15 тамыз 2014, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.