AZATTYQ. ORG «Украинаның Әблязовті экстрадициялату өтініші не болмақ?» - Украина бас прокуратурасының қуғындағы қазақстандық саясаткер Әблязовті экстрадициялау туралы өтініші күшінде тұр. Бірақ Киев түпкілікті шешім әлі қабылданбағанын айтады.
«Үрімжіде виза алу қиындығы тағы айтыла бастады» - Шыңжаңдық қазақтар Қазақстан визасы тым ұзақ рәсімделеді, жаз айларында кезек күрт көбейеді деп шағымданады. Ал сыртқы істер министрлігі «қажетті шаралар атқарып жатқанын» айтады.
«Инновацияға жұмсалған шығын көп, нәтиже аз» - Ғаламдық инновация индексінде Қазақстан нәтижесі мардымсыз елдер қатарында қалып отыр. Бірақ инновацияны дамытуға жұмсайтын шығындар жағынан Қазақстан көш соңында емес.
«Түрме әкімшілігі Козловтың не үшін сөгіс алғанын айтпайды» - Түрмеде отырған оппозициялық саясаткер Владимир Козловтың жеңілдетілген режимге ауыстыру туралы өтініші «әлі алынбаған төрт сөгісі бар» деген уәжбен орындалмады. Түрме әкімшілігі бұл сөгістер не үшін берілгенін айтпайды.
JASQAZAQ.KZ. «Нотаны тек қазақша жолдаймыз» - Соңғы кездері еліміздің сыртқы саясат мекемесі жөнінде әңгіме көп. Әлем мың құбылып тұрған әзіргі шақта Еуразия одағының мүшесі Қазақстанның көпвекторлы саясаты өзгерді ме?
ALASHAINASY.KZ «Қытайдың "Суық су" бағдарламасы бізге қауіп пе?» - Кешелі бері көршілес Қытай Халық Республикасы бұдан былай «Суық су» бағдарламасы аясында одан әрі тереңдеп, бағдарламаны арнайы бағыт-бағытқа бөліп жұмыс істейтіндіктерін мәлім етті.
«Қазақстанға халықаралық төлем жүйесінен қауіп жоқ» - Ресейге қарсы жұмсалған Батыс санкциясына Visa мен Mastercard халықаралық төлем жүйелері де ат салысқаны белгілі. Іргедегі көршінің қаржы секторын бір сәтке дүрліктірген осы жайт аталған төлем жүйесін пайдаланушы қазақстандықтарды да ойлантып тастаған еді.
«Қасқырлар неге қытайларға шапты?» - «Жабайы қасқырлар қытайларға шапты», - деп хабарлады Қытайдың "Халық", "Шинхуа" қатарлы ақпарат траптары. Бұл туралы 2014 жылдың 12 тамызда хабарланған.
«"Жабық тақырыпты" жасырып жапқанымызбен тапқан пайдамыз шамалы...» - Бұрынғының қыздары мектеп бітіргенге дейін «сүйіссе аяғы ауырлап қалады-мыс» деген қорқынышпен (әлде қараңғылық) бойжетсе, бүгінгі қатыгез қоғамның қағынған қыздары баланы капустаның арасынан тауып алмайтындығын, баланың қалай пайда болатынын бесіктен белі шықпай жатып-ақ беске біледі.
AIKYN.KZ «ҰБТ– орыс тілділерге оңтайлы болып тұр» - Биыл Ұлттық Бірыңғай тестің білім сынағы ретінде қолданысқа енгеніне – 10 жыл. Арада өткен 10 жыл жүйенің кемшілігін де, жетістігін де алақанға салғандай айқындап берді.
«Гипноздың құдіретін білесіз бе...» - Кәсіби дәрігер қолданған гипноз пайдасын тигізсе, алаяқтар үйренген гипноз қылмыс әлеміне қызмет етуі мүмкін.