Атырау, 27 қараша 13:24
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жүргізушілер ереуілі

2 503 просмотра

12 тамыз күні «Прима Дистрибьюшн» ЖШС-нің 20-ға жуыққызметкері осы сауда компаниясының жұмысын тоқтатты. Олар жұмыс берушілеріне бірқатар талаптар қойды.   

Таңертең кеңсеге келген тұтынушылық тауарлар мен азық-түліктерді көтерме бағамен жеткізуші алматылық ірі компанияның Атырау филиалының жүргізушілерінің барлығы да маршрутқа шығудан бас тартты. Жұмыс беруші бұл оқиға туралы ҚІІБ-на хабарлап, ол жақтағылар дабылды қалалық прокуратураға жолдады. Жүргізушілер келіп жеткен прокуратура қызметкерлеріне өз наразылықтарын жеткізді: олар жалға алушы төленетін демалысты бермей, құқықтарын бұзып отыр деп есептейді; екеуі қолдарына ұстатылған жұмыстан шығару туралы актілерді заңсыз деп бағалайды; тағы бірнеше адам жалақыларын негізсіз төмендеткендеріне шағымданды.   

Атырау филиалының директоры Элла КАНДАЛОВА комментарий беруден түбегейлі түрде бас тартты. Анықталғандай, оның бұл лауазымда жұмыс істегеніне әлі аптаға жетпеген. Қарамағындағыларымен шиеленіскен қарым-қатынасына қарағанда, бұл апта оған оңай тимеген.

Комментарий алу үшін Алматыға хабарласуға тура келді:

- Бұл өз міндеттерін орындамауға жатады, оның үстіне мұндай жағдай бірінші рет кездесіп отырған жоқ. Біздер өз жүргізушілерімізге дистрибьюторлық компаниялардың өлшемі бойынша ең жоғары жалақы төлеп отырмыз. Ал жақында 90 мың теңгеге дейін тағы көтердік. Бірақ, жүргізушілер оған да қанағаттанбай, демалыстарының төленуін талап етуде. Бәрін компанияға наразылықтары бар жүргізушілердің үштігі үгіттеп отыр, ал турасын айтсақ, олар өздерінің тікелей міндеттерін орындамай отыр, - деді телефон арқылы «Прима Дистрибьюшн» ЖШС-нің директоры Марат ЕРҒАЛИ.

Ерғали ашу-ызаның тамыры - менталитетте жатыр деп есептейді (әңгіменің контекстінде, жұмысқа көңіл бөлуге қатысты айтылған. Ол бұл тек атыраулық қызметкерлерге ғана тән деген пікірде).

- Жүргізушілер компанияның жергілікті басшысының өтініші бойынша демалыс және мереке күндері жұмыс істеген, оларға кейінірек төленетін демалыстарын беретініне уәде берген, бірақ, бұл орындалмағанын айтады.

- Олар өз демалыстарын құрылған кесте бойынша алады, заңнама бойынша олар төленбейді, - деген Ерғали Еңбек кодексінің97-бабына сілтеме жасады. 

Осы бапқа сәйкес, жұмыс берушінің бастамасы бойынша демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа қызметкердің жазбаша келісімімен жол беріледі және екі есе мөлшерде ақы төлеу жүргізіледі. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс кезінде қызметкердің қалауы бойынша оған басқа демалыс күні беріледі немесе екі есе мөлшерде ақы төленеді. Яғни, бар кілтипан тұжырымдамасында – бұл фактінің тыс уақыттағы жұмыс кезінде міндетті түрде құрылатын актілерде қалай көрсетілгендігінде болып тұр:  жүргізушілердің өздері сенбі күндері жұмысқа шығуға ынталы болған немесе жұмыс беруші олардан жұмысқа шығуларын өтінген.    

Қос тарап та белгілі бір адамдарға қатысты шағымды дәлел ретінде келтіріп, бір-біріне көп талап қойып отыр. Қызметкерлердің еңбек құқығы шынымен де бұзылды ма, әлде олар жаңа басшының ұстанымымен келіспей ме, оны прокуратура анықтайды. Ереуілшілердің басым бөлігі өз міндеттеріне сол күні түстен кейін кірісті.    

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

13 тамыз 2014, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.