ALASHAINASY.KZ «Алла Тағала неге адамдарды бай-кедей ғып жаратқан. Оның сыры неде?» - Ең алдымен, бұл бес күндік пәни дүниенің адамзат үшін үлкен «сынақ мекені» екенін бір сәт естен шығармауымыз қажет.
AZATTYQ. ORG «Жоғары балмен грантқа жетпегендер наразы» - ҰБТ мен шығармашылық емтиханнан кейін жоғары балл жинаған талапкерлер қазақ тобына түсе алмай қалғандарын айтады. Олардың ата-аналары талапкерлерді оқуға түспей тұрып тілдік топтарға бөлуге қарсы.
«Ресейлік медиамагнат АҚШ-та істі болды» - Ресей президенті Путиннің бұрынғы кеңесшісі, «Газпром-медиа» холдингі басшысы Михаил Лесиннің үстінен Калифорния сотында екі бірдей азаматтық іс қозғалды.
«Көкжайлауды қорғау шарасы тауда өтті» - Экология белсенділерінің қарсылығына қарамастан Алматы маңындағы Көкжайлау үстіртінде тау шаңғысы курорты салына бастады. Бірақ белсенділердің шатқалды қорғау акциялары жалғасып жатыр.
«36 сағатта бизнес бастағандар» - MIB клубының жас бизнесмендері Қазақстанда 36 сағат ішінде бизнес ашып, көп ақша табуға үйрететін жоба ұйымдастырды.
AIKYN.KZ «Шынында да Жомарт екен» - Bank RBK кеңесшісі Жомарт Ертаев Альянс банкімен араздықты реттеу аясында 2 млн долларға жуық қарызын қайтарды, деп хабарлады банк саласындағы дереккөз.
«Отбасымен демалуға жайлы орын» - Биылғы жылы түрік жағалауында 5 жұлдызды «Rixos Beldibi» жаңартылған қонақүйі өз жұмысын бастады. Ерекшелендіретін қасиеті – оның күллі отбасымен демалу үшін қызметтер көрсетуінде.
ABAI.KZ. «Біз неге осындаймыз?» - Кейінгі кездері осы сауал менің жанымды жай таптырмай жүр. Қоғамда кеңінен етек алып кеткен, жеті басты айдаһар іспетті осы қылмыс атаулының түп тамыры қайда жатыр? Адамдардың бойындағы мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық секілді асыл қасиеттердің қайнары қалай суалып қалды?
JASQAZAQ.KZ. «Діни сауаттылық артып келеді» - «…Біз елдің дәстүрлері мен мәдени қағидаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек. Біз тәлім-тәрбиенің ерекше үлгілерін алуға тиіспіз. Мен жария етіп отырған стратегия біздің халқымызды орта ғасырларда емес, ХХІ ғасырда өмір сүруге дайындайды».
«Билік шенеуніктің қалтасы емес» - Бізде саясаттың қара қазаны қоңыр күзде қызатын еді. Биыл сол қазан ертерек «бүлкілдеді». Жаздың жаймашуақ күндерінің бірінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада алқалы жиын өткізіп, жаңарғанына 4 ай болған Үкіметті қайта жасақтады.
QAMSHY.KZ «Жиһадқа итермелеушілер – қазақты мәңгі құл еткісі келеді» - Өткен жылдың күз айларында «Youtube» бейне желісінде Сирия жерінде жиһад жасап жүрген қазақтар туралы бейне материал пайда болып, қоғамның зәресін алды.
SHYN.KZ «Сібір Ресейден бөлінгісі келеді» - Ел ішінде «Қытығына тие бер ме», «Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп, сақалынан айырылыпты» деген сөздер бар еді. Сол сияқты, соңғы айлардағы Путин билігінің көрші әрі Тәуелсіз Украинаның қиын тағдырға түсіп қалуына үлкен ықпал етуі Ресейдің өз ішіндегі бұрынғы жаулап алған аймақтарындағы халықтардың да ішкі наразылығына әсер еткендей.