Атырау, 16 сәуір 18:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 474.08
€ 558.28
₽ 6.26

АҚШ Ирактағы күрдтерге қару-жарақ бере бастады

1 755 рет қаралды

Эрбиль қаласы маңында жүрген күрдтердің Эрбиль қаласы маңында жүрген күрдтердің "Пешмерга" тобының сарбаздары. Ирак, 8 тамыз 2014 жыл.АҚШ Ирактың солтүстігіндегі күрдтерге исламшыл содырлармен соғысуына көмектесу үшін тікелей қару-жарақ жеткізе бастады деп хабарлады 11 тамыз күні аты-жөнін айтуды қаламаған америкалық шенеуніктер. Олардың сөзінше, әзірге тек автоматты винтовкалар мен оқ-дәрілер ғана жеткізіліп жатыр.

АҚШ өкілі қару-жарақты Орталық барлау басқармасы (ЦРУ) жеткізіп жатқанын, бірақ таяуда қорғаныс министрлігі де күрдтерді қаруландыра бастауы мүмкін екенін айтқан.

Күрдістанның астанасы Эрбиль қаласы маңында күрд қарулы тобы - "Пешмерга" жасақтары "Ислам мемлекеті" ұйымының содырларына қарсы күресіп жатыр.

АҚШ қарулы исламшыл радикалдардың позицияларына әуеден соққы берген соң 10 тамыз күні күрд жасақтары Ирактың солтүстігіндегі екі қаланы бақылауына алған.

Дереккөз: azattyq.org

12 тамыз 2014, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.